jasqazaq.kz

Маскүнем келіншек екі баласынан айырылды

01 қараша 2016, 21:51

bala

Ақтөбеде тәртіп сақшылары маскүнем келіншектен екі баласын тартып алды.

Өйткені 29 жастағы Наталья Иова үйін жын-ойнаққа айналдырып, ұлдарын ұмытқан. Енді балалары уақытша бейімдеу орталығында болады. Ал аналары үш ай ішінде түзелмесе, ата-ана құқығынан айрылуы мүмкін. Алаңдатарлығы, Ақтөбе облысында соңғы кезде мұндай отбасылар саны еселеп артқан.

Қаланың қақ ортасындағы бұл үй нағыз жын-ойнаққа айналған. Наталья есімді иесі мұнда қаңғыбастарды жинап, ойына келгенді істейтін көрінеді. Арақтан аузы құрғамайтын ол қос ұлын қарауды мүлдем ұмытқан.

Салтанат Күшқалиева, ювеналдық полиция инспекторы:

-Маскүнемдіктен баласын ойлауға мұршасы жоқ. Тексеруге келгенде өзіміз шошып кеттік. Ұлдары аш-жалаңаш жүр. Үйде қаптаған ер адамдармен өзі арақ ішіп отыр.

Қараусыз қалған балаларды алып кетуге келген инспекторлар үйден оларды таба алмады. Есесіне қаңғыбастар тайраңдап жүр.

-Мен бүгін іштім.

-Балалар бар ғой. Олардың көзінше неге ішесіз?

-Балалар жоқ. Балалардың көзінше ішпеймін.

Тәртіп сақшылары балаларды тартып алатынын келіншекке бірнеше рет ескерткен. Алайда ішімдікті ішуді қоймаған әйел, бұл жолы ұлдары есіне түссе керек, оларды алып,  қашып кетіпті. Дегенмен, полицейлер оны көп ұзамай қаңғып жүрген жерінен тауып алды. Маскүнемнің өзі енді ішпеймін, жаздым-жаңылдым деп отыр.

Наталья Иова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Енді ішпеймін. Жинаймын бәрін.

Анасы араққа салынған ұлдардың кішісі үште. Үлкені биыл сегізге толғанда ғана мектепке алғаш барыпты. Өйткені туғалы құжат рәсімдемеген. Бірақ кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссия мұндай ананың қасына оларды қалдыруға болмайды деп отыр.

Ботагөз Бисенова, Ақтөбе қалалық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның хатшысы:
-Бейімдеу орталығына балаларды орналастыру дұрыс деп ойлаймын. Барлығы ойлайды балаларды бірден балалар үйіне беріп тастайды деп. Қайтармайды деп. Біздер бейімдеу орталығы уақытша. Ең көбі үш ай болады.

Енді осы үш ай ішінде Наталья Иова маскүнемдіктен айығатын болса ғана балалары өзіне қайтарылады. Дегенмен, мұндайлардың түзеліп кететіндері бірен-саран. Есесіне, қазір өз отбасының берекесін қашырып жүргендер көбейіп барады. Ақтөбенің өзінде осындай 153 отбасы тіркеуге алынған.

ktk.kz

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету