Марқұмның ағзаларын төрт адамға ауыстырды

19 шiлде 2023, 14:33

Алматыда қайтыс болған 53 жастағы әйел төрт адамға донор болды. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жас жігітке жүрек трансплантациясы жасалғанын мәлім етті.

Алматының 53 жастағы тұрғыны төрт адамның өмірін аман алып қалды.
Ол екінші рет мидың өліміне әкеп соқтырған ишемиялық инсультқа шалдыққан.
Донор Алматыдағы № 4 ауруханада қайтыс болған. Ағзаны алу шаралары аталған медициналық мекемеде жасалды.
«13 шілде күні туыстары марқұмның ағзасын алуға келісім берді. Оның жүрегі 23 жастағы жас жігіттің өмірі сақтап қалды. Оған бұған дейін екі рет ота жасалған. 2013 жылы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылды. Содан бері оның жағдайы нашарлай түсті. Жалғыз жол- жүрек ауыстыру болды. Енді операциядан соң пациенттің сапалы және ұзақ өмір сүруіне мүмкіндігі бар», — дейді кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимовтың айтуынша, күрделі ота 6 сағатқа созылды.
Ота Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықпен бірлесіп, еліміздің жетекші кардиохирургы Юрий Пяның тікелей басшылығымен жасалды.

«Алматыда жүректі алғашқы алмастыру Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық мамандарының қолдауы мен Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ командасының үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды», — деді ол.
Қазақ ұлттық медицина университетіне ректоры Марат Шорановтың сөзінше, қайтыс болған әйелдің жүрегінен басқа екі бүйрегі және бауыры да алынып, кезекте тұрған науқастарға трансплантация жасалған.
«Қазір елімізде төрт мыңға жуық адам ағза ауыстыру кезегінде тұр. Оның ішінде 147 науқас жүрек трансплантациясы бойынша тізімге қойылған»,-деді ұлттық медицина университетінің ректоры.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды