jasqazaq.kz

Мәриаш Алжанова: Салтты сақтау, ғұрыпты ұстану – елдікті ерен етеді

17 қыркүйек 2024, 12:24

Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, ұстануда, өркениет көшінің керуенінен қалып қоймауына бірден-бір үлес қосып келе жатқан жандар – қолөнершілер мен ісмерлер. Jasqazaq.kz тілшісі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылының тұрғыны, ісмер Мәриаш Алжановамен сұхбаттасып, ұлттық өнеріміздің даму өрісі туралы сұрап білген еді.

– Салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды сақтауға ерекше күш салып, айрықша үлес қосып келесіз.

– Қазақтың салт-дәстүрі тұнып тұрған философия. «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» дегенді атам қазақ тегіннен тегін айтпаған. Ұзатылған қыздың қалың малын әкелмесе де кәдесіз жібермеген. Қыз жасауына көрпе-жастығы да қоса салынған. Біздің шеберханамызға тапсырыс берушілердің қатары артып келеді. Ата-бабаларымыз ежелден шаңырағына қыз баласы келгеннен жасаудың қамын ойлаған. Бойжете бастаған шағынан іске кірісіп, көрпесін, сырмағын, ыдыс-аяғын түгендеп, ерте қамданған. Қыз жасауына әр өңір өзінің тұрмыс-тіршілігіне қарай керек-жарағын қосады. Бізге де көп адамдар тапсырыс беріп, көбінесе қыздың көрпе жастығын тіктіреді. Ертеде қыз баланың басына киетін сәукелесін, зергерлік әшекей бұйымдарын, киім-кешегін, аң терісінен жасалған жабдықтарын, ағаштан шабылған ыдыс-аяғын беретін болған. Тіпті шаңырағына ұл келсін деген ықыласпен ер-тұрманын да түгендеп жабдығына қосқан.

– Байқауымызша, сіздің шеберханаңыздан шыққан бұйымдардың басым көпшілігі қой жүнінен тоқылған киімдер, жүннен басылған сырмақ, алашалар екен.

– Иә, таза табиғи өнім болған соң да сұраныс көп. Жуырда Астана қаласында Дүниежүзілік көшпендлер ойындары өтті. Этноауылда ашылған жәрмеңкеге өзіміздің өндірген бұйымдарымызды да апарып қойдық. Көбінесе шетелдік туристердің қызығушылығы жоғары болды. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен әдіптелген төсеніш, сырмақ, алаша, тұскиіздерімізді ұстап көріп, қол еңбегінің қаншалықты бағалы екенін айтып мерейімізді де өсіріп қойды. Тіпті кейбірі елдеріне сатып алып та кетті. Шетелдік туристерге әдет-ғұрпымызды ғана емес, салт-дәстүрімізді де насихаттауға көшпелілер ойындары ерекше серпін берді.

Жазып алған Қуан Көшек

Суреттерді түсірген автор

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті