jasqazaq.kz

Марат Омаров экс-жарының көңілін табуға тырысып жүр

27 қазан 2017, 17:10

Марат Омаровтың көпшілік біле бермейтін құпиясын бұл жолы қызы ашты. Заринаның сөзіне сенсек, әнші 9 жасқа толғанда, ата-анасының дәм-тұзы жараспай, бөлек кеткен. Алайда, экс-жұбайлар бір шаңырақ астында ғұмыр кешпесе де, сазгердің бәйбішесіне деген тосын сыйлары таусылмайтын көрінеді.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Заринаның әкесі мен анасы ортақ перзенттерінің қуанышында ғана бас қосатын көрінеді. Бұрынғы жұбайлар жиі жүздеспесе де, екеуінің сыйластығы әлі күнге сызат түспей сақталған.

“Әкеміз 8-ші март күні мамамызға әрине гүл сыйлап тұрады. Жақсы бір туған күндерде болмасын, басқа да сыйлықтарын беріп жатады. Әлі күнге дейін менің әкем мамама риза. Өйткені, енді үлкен бәйбіше деген сияқты”, – дейді Зарина Омарова.

“Гүлдің өзі аз мысалға. Өйткені ана ғой ол. Ондай ана мені де дүниеге алып келген. Менің балаларымды да алып келген дүниеге, ол да ана. Сондықтан да, мен бірдей құрметтеуім керек. Тек қана гүл емес, лажы болса кішкене көңілін көтеріп, үлкен қуанышқа бөлеп жатса одан басқа бақыт жоқ”, – дейді Марат Омаров.

Марат мырзаның бүгінде екінші отбасы бар. Сазгердің шәйін демдеп, бабын тауып отырған қазіргі әйелі, экс-жұбайлардың қарым-қатынасына қалай қарайды?!

“Қызғанса бір қызғанып қояр. Оны да әлпештеп, айналайын-ау деп, оны да жұбатуыма тура келеді. Оның да көзқарасын табуым керек. Сондықтан, мұның бәрі үлкен тәжірибе. Бұл қиын жағдай әрине, өмірде кездесетін жағдай. Бірақ, мен ойлаймын әйел адамға күліп, оның психологиясын түсіне білсеңіз әрқашанда тату-тәтті боласыз”, – деп түсіндірді сазгер.

Айта кетейік, Марат Омаровтың алғашқы жұбайынан қос қызы мен бір мұрагері бар. Ал, 12 жастағы кенжесі Бибімәриям екінші некесінен.

Stan.kz 

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс