jasqazaq.kz

Маңғыстауға маман жетіспейді

22 ақпан 2018, 17:32


«Жұмыссыздық белең алып кетті». «Жастар жұмыс таппай сандалып жүр» – деп жазғанда, қаламымыздың сиясы құрғамайды. Ал Маңғыстау облысында мемлекеттік қызметке баратын адам жоқ. Қазірдің өзінде 402 маман жетіспей отыр. Ешкімнің барғысы келмейді. Бұл көз жүгіртіп өтетін жай ғана ақпарат емес, өзекті мәселе. Өйткені, анау-мынау балағың батппақ, жейдең кір болып істейтін қолдың қарын талдырып, ердің белін сындыратын шаруа емес. Мұның аты – мемлекеттік қызмет.

Әлгі 402 орынның 193-і басшылық лауазым екен. Бірақ оған бірде-бір үміткер қатыспаған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Нұргүл Жанназарова мәлімдеген.

Н.Жанназарова «Маңғыстау облысының «Ішкі саясат басқармасы» басшысының орынбасары мен бөлім басшысы лауазымдарына ішкі және жалпы конкурстар 3 рет, Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына ішкі және жалпы конкурстар 2 рет, Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы лауазымына ішкі және жалпы конкурс 2 рет жарияланған. Жалпы өңірде жарияланған 402 бос лауазымға бірде-бір үміткер қатыспаған. Оның ішінде 193 басшылық лауазым бар. Алайда, аталған мемлекеттік органдардағы басшы лауазымдарына жарияланған конкурстарға қатысуға ниет білдірген үміткерлер болмаған», — деді.

Департамент басшысының айтуынша, Маңғыстау облысы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына 2017 жылы тестілеуге 3563 азамат қатысқан. Нәтижесінде, олардың 1149-ы ғана, яғни 32,2% тестілеуден сүрінбей өткен. Қазіргі таңда Маңғыстау облысындағы жергілікті мемлекеттік органдарда қызметшілердің штаттық саны – 1347 (саяси – 7, А корпусы – 7, Б корпусы — 1333). Әкімдіктердегі мемлекеттік қызметші әйелдер саны – 701, ал олардың ішінде басшылық лауазымдарда – 210. Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 36,2

Жарас ШӨКЕ

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды