jasqazaq.kz

Маңғыстауда «Үлгілі ауыл» байқауы өтті

31 қазан 2017, 15:11

Маңғыстауда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Үлгілі ауыл» байқауы өз мәресіне жетті, — деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ауылдық елді мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен өткізілген бұл конкурсқа тұрғылықты халық саны 3 мыңнан асатын және 3 мыңнан аз ауылдар қатысты.   Аудан ішінен үздік деп танылған ауылдар облыстық байқауға ұсынылды. Әр ауылда тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жасыл архитектура жоспары жасалып, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Мысалы, өңірдегі су тапшылығына қарасмастан Таушық ауылында аумағы 3,2 гектар орталық саябаққа 900 түп ағаш отырғызып, баптап келеді. Сондай-ақ, көше бойына 672 электр шамы орнатылып, толық жарықтандырылған. Арнайы жасақталған жұмыс тобы байқауға ұсынылған 8 ауылды аралап, олардың ерекшеліктері бойынша анықтама әзірледі. «Үлгілі ауыл» облыстық байқауын сарапшы комиссия төмендегідей қортындылады: 1. Тұрғылықты халық саны 3 мыңнан асатын ауылдар арасындағы байқау қорытындысы бойынша: I орын – Түпқараған ауданының Таушық ауылына 10 миллион теңге сыйақы; II орын – Қарақия ауданының Жетібай ауылына 7,5 миллион теңге сыйақы; III орын – Бейнеу ауданының Боранқұл ауылына 5 миллион теңге сыйақы; Ынталандыру сыйлығы – Мұнайлы ауданының Дәулет ауылына 2 миллион теңге сыйақы берілді. 2. Тұрғылықты халық саны 3,0 мыңнан аз ауылдар арасындағы байқау қорытындысы бойынша: I орын — Маңғыстау ауданының Үштаған ауылына 10 миллион теңге сыйақы; II орын — Қарақия ауданының Сенек ауылына 7,5 миллион теңге сыйақы; III орын – Бейнеу ауданының Сарға ауылына 5 миллион теңге сыйақы; Ынталандыру сыйлығы — Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылына 2 миллион теңге сыйақы табысталды. Байқау шартына сәйкес жеңімпаз атанған ауылдар сыйақының 80 пайызын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына жұмсауы тиіс. Ал 20 пайызынан аспайтын мөлшерде ауыл нысандарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына үлес қосқан заңды және жеке тұлғаларды марапаттауға ұсынылды. Аталмыш байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

Tengrinews.kz

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы