jasqazaq.kz

Маңғыстауда ереуілге шыққан жедел жәрдем қызметкерлері жұмыссыз қалды (Видео)

22 қыркүйек 2022, 10:40

Маңғыстау облысында жедел жәрдемнің ондаған қызметкері жұмыссыз қалды. Жаппай жұмыстан шығару фельдшерлер мен жүргізушілердің ереуілінен кейін басталған, — деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жұмыстан кеткен қызметкерлердің орнына адам табылып қойған. Бір аптадан аса уақытқа созылған митингілерді сот заңсыз деп таныды.

Жұмысқа шыққысы келмегені үшін Жаңаөзен қаласында 11 адам, Мұнайлы ауданында тағы сегіз адам жұмыстан шығарылған.

Тағы 25 фельдшер мен 13 жүргізуші өз еркімен өтініш жазған. Оларға ойланып, ойын өзгертуге уақыт берілді. Бірақ дәрігерлер жұмысқа оралмаған. Нәтижесінде көбінің орнына адам табылғаны айтылды.

Жаңаөзен қаласында қазірдің өзінде 15 жүргізуші мен тоғыз фельдшер жұмысқа қабылданған. Мұнайлы ауданында – алты жүргізуші мен фельдшер. Денсаулық сақтау басқармасы өңірде жедел жәрдем көліктерінің жұмысы жолға қойылғанын айтады. Жергілікті бюджеттен жалақыға қосымша 236 миллион теңге бөлінген. Жыл аяғына дейін жүргізушілерге 90 мың теңге, фельдшерлік қызметке 40 мың, медбикелерге 30 мың теңге қосымша жәрдемақы төлеуге уәде беріп отыр.

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады