Манас Рамазанов: Инновациялық тәсілмен ота жасаймыз

31 мамыр 2023, 10:55

2021 жылы Үкімет қаулысымен бекітілген «Дені сау ұлт — әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы сапалы һәм медициналық қызмет көрсетуді көздейді. Осындай зор міндетті ойдағыдай атқарып отырған, Қазақстандағы іргелі аруханалардың бірі саналатын Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Манас Ембергенұлы Рамазановпен сұхбатымыз медицина саласына қатысты мәселелер төңірегінде өрбіді.

– Манас Ембергенұлы, елімізде денсаулық саласына айрықша көңіл бөлінеді. Түрлі бағдарламалар, ұлттық жобалар да қабылданып жүзеге асырылып келеді. Өзіңіз басшылық ететін №7 клиникалық аурухананың қазіргі тыныс-тіршілігі туралы айтып өтсеңіз.

– Алматы қалалық №7 клиникалық аурухана оңтүстік мегаполисте ғана емес, еліміздегі іргелі медициналық ұжым болып саналады. 1991 жылы пайдалануға берілген арухананың жалпы көлемі 80 мың шаршы метр. 8 гектар аумақты алып жатқан аурухана 11 павильоннан және емхана бөлігінен тұрады. Бір мезетте 735 науқасты қабылдай алады. 30 жылдан астам уақыт тәулік бойы жұмыс істейтін аруханаға күнделікті 300-500 аралығында адамдар әр түрлі шағыммен келеді. Жыл сайын 80 мыңнан астам науқас біздің ауруханадан сырқатына шипа алады. Күнделікті 50-100 науқасқа шұғыл және жоспарлы ота түрлері жүзеге асырылады.

– Дәрігерлердің біліктілігі, олардың от пен судың ортасында жүргендей қатерге бастарын тігіп еңбек ететіні 2020 жылғы карантин кезінде анық байқалды. Олардың біліктілік статусын көтеріп, жағдайын жақсарту мақсатында да кешенді шаралар қабылданып іске асырылып келеді. Өзіңіз басшылық ететін аурухананың мамандары, яғни дәрігерлер шетелге тәжірибе алмасуға барып тұра ма?

– Жыл сайын ұжымдағы мамандардың 20 пайыздан астам елімізде, шетелде біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасуға барып келеді. Мұның барлығы да республикалық, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Мамандарды ақылы оқыту бағдарламаларына да қатыстырып, біліктілігін арттыру жұмыстары кешенді түрде жүзеге асырылады.

Инновациялық жобалар да біздің ауруханада іске асырылады. Бұл жағынан да мақтанышпен айтуға тұрарлық жұмыстарымыз бар. Мысалы, бариатриялық ота түрлері жасалып жүр. Бұл — салмағы ауыр науқастардың артық салмағын арылтуға бағытталған жоба. Артық салмақ ағзаға ауру үстіне ауру жамайды. Сондықтан да артық салмақтан арылтатын бариатриялық және эндоскопиялық ота түрлері осы ауруханада қолданысқа енгізіліп, науқастарға жасалып келеді. Омыртқа миына жасалатын ота да инновациялық тәсіл болып саналады. Нейронавигациямен іске асырылатын нейрохирургиялық ота түрлерін де жасаймыз. Медициналық құрылғылар мен құрал-жабдықтар мемлекеттің қолдауының нәтижесінде жаңартылып тұрады. Әлемнің үздік технологиясымен жасалған аппараттар, қондырғылардың көмегімен күрделі ота түрлерін жасауға мүмкіндігіміз артып отыр. Соңғы екі жылдың ішінде практология нейрооңалту бөлімшелері ашылып, науқастарға қажетті ем-дом түрлері жүзеге асырылып келеді. Лазерлік хирургия аппараттармен ота түрлері жүзеге асырылып келеді. Кардиология, аритмология бөлімшелерінде де инновациялық ота түрлері жасалуда. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жергілікті бюджет арқылы ауруханамыздың бірнеше бөліміне қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлап отырмыз. Ауруханаға реконструкциялық жұмыстардың нәтижесінде жансақтау бөлімшесі, ота жаса, гемотология бөлімшелеріне құрылыс жұмыстары жүргізіліп жаңғыртылады. Реконструкциялық жұмыстар аяқталған соң аруханада жаңа технология тәсілімен күрделі ота түрлері жүзеге асырылады. Осы жылы жобалық-сметалық жұмыстары жасалып, алдағы уақытта құрылыс басталады деп жоспарлап отырмыз.

Инновациялық жобалардың негізгілері деп автоматты кардиовертер /дефибриллятор имплантациясы, жүрек алды бүлкілдеу (фибрилляция), электрофизиологиялық зерттеу және радиожиілікті абляция кезінде өкпе көктамырларының сағасын криоабляциялау. Құрсақ қолқасына стент — графтты эндоваскулярлық имплантациялауды айтуға болады.
Қазақстанда алғаш рет «Өкпе күретамырының эмболиясы кезінде тромбоэкстракциялау» операциясы жасалды.
Алғаш рет №7 Қалалық клиникалық ауруханада өкпеден қан кету кезінде кеңірдек тарамына тамыр ішінде операция жасалды.
ASPECTS шкаласын автоматты есептеу арқылы инсультті ерте анықтау үшін Жасанды интеллект көмегімен CEREBRA – клиникалық диагностикалық бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу.

– Медицина саласының мамандарын даярлайтын оқу орындарымен серіктестік байланыс орнату жағы қалай? Болашақ дәрігерлер іргелі ұжымда тәжірибе жинап, сынақтан өтіп тұра ма?

– Әрине, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Қазақстан-Ресей медицина университетінің 9 кафедрасында оқитын студенттер үшін біздің аурухана клиникалық база болып саналады. Одан бөлек, төрт бірдей медициналық колледжбен де байланыс орнатылған. Кафедра оқытушылары аурухана дәрігерлерінің біліктілігін арттырып, білімін жетілдіруге орасан септігін тигізіп келеді. Жоғарыда сөз еткен оқу орындарының студенттері біздің ауруханадан келіп тәжірибе жинап, білікті мамандардың қасында жүріп шыңдалады.

– Медицина мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр екен. Ал олардың әлеуметтік статусын көтеріп, материалдық жағдайын жақсарту жайы қалай болып отыр?

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауында медицина саласы мамандарының әлеуметтік статусын көтеру айтылып келеді. Соған орай 2021, 2022 және осы жылы 25-30 пайызғ айлық еңбекақылары көбейді. Еңбек ақы төлеу қорымызды да жыл сайын ұлғайтып көбейтуді көздеп отырмыз. Мұның барлығы да медицина мамандарының әлеуметтік статусын жақсарту мақсатында іске асырылып отыр. Еңбекақы төлеу қорымыз 2018 жылы 1 млрд теңге болса, осы жылы 6 миллиардқа жеткізсек деп қамданып жатырмыз. Алда үлкен мақсат-міндет тұр. Аурухананың инфрақұрылымын жаңғыртып, заманауи үлгіде жабдықтау қажеттілігі туындайды. Медициналық құрал-жабдықтар да алынып, қамтылып отыр. Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен аурухананың құрал-жабдықтары жаңғыртылып тұрады. Медицина саласы мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында ай сайын шеберлік сағаттары өткізіледі. Оған еліміздің һәм шетелдік медицина орталықтарының мамандары қатысып, дәріс оқиды, тәжірибесімен бөліседі. Мұндай ауқымды шаралардың барлығы да жүйелі жолға қойылып, жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Израиль, Үндістан, Ресей, Франция Оңтүстік Корея, Түркия, Балтық жағалауы елдерінен келген мамандар дәріс оқиды. Ауруханада қызмет істейтін мамандарымыздың кемінде 20 пайызы жыл сайын шетелге тәжірибеден өтуге қатысып қайтатыны туралы жоғарыда айттық. Сондықтан да мемлекетіміз медицина саласын жаңғыртуға айырықша көңіл бөліп отыр деп айтуға толық негіз бар.

Сұхбаттасқан Қуаныш Рахмет

25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 23:28
Жұлдыз Сүлейменова: Жайбасарлыққа жол беруге болмайды!
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары