jasqazaq.kz

Мамандық таңдау-маңызды іс

23 қараша 2017, 15:10

Астанада «Өмірлік таңдау» республикалық жобасының тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. «Өмірлік таңдау» — бұл «Самұрық-Қазына» АҚ «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының 5 өңірінде өтетін жұмысшы мамандықтарды дәріптеу жобасы. Айта кету керек, Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауында жастардың дұрыс мамандық таңдауына, білімін жетілдіруіне баса мән берілген.

Жиында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры — ресми өкілі Лима Диас «Бүгінде көптеген жасөспірімдер, мектеп оқушылары заңгер, экономист, қаржыгер, маркетолог сынды мамандықтарды таңдауды жөн көреді. «Самрук-Казына» Қоры үлкен өндірістік холдинг ретінде жастардың техникалық мамандықтарға басым көңіл бөлуіне ерекше назар аударады. Сондықтан біз «Өмірлік таңдау» жобасын іске асыру идеясын қолдадық. Холдингке кіретін қала құрылысына ат салысатын бес облысты таңдаған болатынбыз», — деп атап өтті.
Жоба аясында Ақтөбе, Павлодар, Маңғыстау, Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстары қамтылады.
Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских жобаға қатысты өз ойын білдірді: «Жастар қазір таңдау жасағанда қаржыгер, IT-сараптамаш, заңгер деген мамандықтарды таңдағанды жөн көреді. Ал былай қарағанда қазіргі уақытта жұмысшы мамандықтарға көбісі барғысы келмейді. Менің ойымша, бірінішіден оны кең көлемде дәріптеу қажет. Жастардың көзқарасын, ішкі дүниесін, менталитетін бұл тарапта өзгерту керек. Бұл жоба қазір бес облысқа енгізіліп жатыр. Өзінің нақты нәтижесін көрсеткеннен кейін, ары қарай басқа облыстарға енгізілсе де, артық болмайды. Жастардың санасы өмірлік таңдау тарапынан өзгерсе, бұл Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру үшін үлкен қадам болмақ деп ойлаймын»
Жоба аясында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылатын «Бәсекеге қабілеттілік» пен «Білімнің салтанат құруы» аспектілері тығыз байланысады. Сонымен қатар мектеп негізінде жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бойынша белсенді жұмыс жасалады.
Жобаны іске асыру кезінде, негізгі қажетті мамандықтармен танысу мақсатында мектеп оқушылары жергілікті кәсіпорындарға экскурсия жасайды.
Жоба аясында 40000 астам 8-10 сынып оқушылары мен 200 мұғалім қамтылмақ. Сонымен қатар, аталған бағытта әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Азиза Елеман, Астана қаласы

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті