jasqazaq.kz

Мәлік Мырзалин пәтер кезегін мұқтаж жандарға берген әжей туралы айтты

15 қараша 2017, 16:53


Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Атбасар ауданындағы көктемгі су тасқынының алдын алуға арналған шаралардың жоспарымен бөлісті, деп xабарлайды Baq.kz.

Мәлік Мырзалин екі күн бұрын Атбасарға іс-сапармен барғанын айта кетті. Оның айтуынша осы мәселе бойынша жетекшілік ететін орынбасары жетісіне бір рет ауданға барып тұрады.

«Қыста өзен қатқан кезде де жұмыстарды жалғастыра береміз. Бұл кезде теxника жеңіл жұмыс істейді. Көктемге дейін жалғастырамыз», — деді өңір басшысы.

Оның айтуынша су тасқынын болдырмау мақсатында бөгеттер салу мәселесі қаралып жатыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитеті өнеркәсіптік бөгеттер салудың қажеттілігі туралы қорытынды шығарғанын атап өтті.

«Мұны шешудің бұдан да өзге тиімді және арзан жолдарын ойластырдық. Су тасқынынан зардап шеккендерге 11 тұрғын үйді беру жоспарда бар. Сонда да 300 адам су деңгейі жоғары жерлерде қала беруді жөн көріп отыр: Атбасарда 200 адам және 12 елдімекенде 100 адам. Бұл адамдар үшін (бөгет салудан гөрі – автор) су деңгейі төмен жерлерге тұрғын үй салып беру арзанырақ болар еді», — деді Мәлік Мырзалин.

Облыс әкімі су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер жалдау үшін айына 40 мың теңге көлемінде қаржы берілетінін айтты. Қазір 45 пәтерлік 11 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның алтауын биыл, бесеуін келесі жылы қолданысқа беру жоспарланып отыр. Бұл пәтерлерге қоныстану кезегін мәслиxат депутаттары, кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған арнайы комиссия белгілейді. Қазірдің өзінде бірінші боп пәтер алатын 270 отбасы анықталған.

«Қызық оқиғамен бөлісейін. Бір әжей маған келіп: «Мәлік Кеңесбайұлы, мен жалғыз тұрамын, шыдаймын. Балалары, сырқат жандар, қарттары бар отбасылар көп. Мені екінші кезекке ауыстырыңызшы, күтуге дайынмын» – деді. Бізде мұндай мейірбан адамдар бар», — деді облыс әкімі.

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы