Мал шаруашылығында маман жетіспейді: мектеп керек

26 шiлде 2023, 13:55

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер жергілікті ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын дамытып, оның жанынан мал шаруашылығына қажет мамандар даярлайтын мектеп ашуды ұсынды.
СҚО фермерлері ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын облыстың басқаруына беру жайында бастама көтерді. Шаруалар қазір қажетті кеңес алу үшін шетелдік мамандардың көмегіне жүгінеді.
«Қазақстанда ғылым өндіріспен бірге жүруі керек. Сондай-ақ тәжірибелі кадрларды сақтап, білікті жас мамандарды даярлау маңызды. Аға буын кетсе, жұмыс істейтін мамансыз қаламыз», — дейді кәсіпкерлер.
Осыған орай фермерлер институт базасында мал шаруашылығына қажет мамандарды әзірлейтін мектеп ашуды ұсынды.
Қызылжар ауданында орналасқан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының 50 жылдық тарихы бар. Қазір мұнда 30-дан астам ғылыми қызметкер, бір ғылым докторы және жеті кандидат еңбек етеді. Бірақ қаржыландырудың жеткіліксіздігінен институт өз әлеуетін толық көлемде пайдалана алмай отыр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды