jasqazaq.kz

Мақсат — татулықты тұғырынан түсірмеу

23 қантар, 12:58

Бүгін «Достық үйінде» Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті.

Кеңестe: Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық құрамына Шымкент қаласы ҚХА тарапынан ұсынылатын кандидаттар тізімін бекіту, Шымкент қалаcы ҚХА мүшелігіне және оның кеңесі құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың ережелерін бекіту, олардың құрамдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, Этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы мен Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек Адал табыс» қағидасын icке асыруға атсалысу, «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы жобаларды icке асыру сынды мәселелер күн тәртібiне шығарылып, қаралды.

Қалалық ҚХА тарапынан атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталған қала әкімінің орынбасары қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын баяндап, ел бiрлiгiн бекемдейтiн бастамаларға атсалысу этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдарға жүктелген маңызды мiндет екенiн айрықша айтты. Сәрсен Құранбек өз сөзінде: «Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Ассамблеяның 30 жылдығы аясында ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоспары мемлекеттік деңгейде бекітілді. Өз кезегінде Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын қала әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Ғабит Сыздықбеков бекітті. Аталған іс-шаралар жоспары Ассамблея жанындағы құрылымдар, этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне алдын-ала таратылып берілген.

Енді қалалық ассамблея мүшелері, қалалық ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдар, этномәдени бірлестіктер, «Қоғамдық келісім» мекемесі мен аудан әкімдері, салалық басқармалар мен оқу орындары осы жоспарда межеленген іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруы керек.
Мақсат – тек ұйымдастырып, өткізу емес. Әрбір іс-шараның мазмұнын ашып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің мән-маңызын ашуға бағытталуы тиіс», – дедi.

Кеңес отырысына қалалық ішкі саясат және жастар істері, білім, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармаларының басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, жоғары оқу орындарының ректорлары, қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың (Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ, Медиация кеңесі, Журналистер мен блогерлер клубы, Кәсіпкерлер қауымдастығы, «Ассамблея жастары» ұйымының қалалық өкілдігі) төрағалары қатысты.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент әкімінің баспасөз қызметі

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр