jasqazaq.kz

Мақсат — сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру

Бүгін, 16:24

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің Жарлығымен өткен жылғы шілде айынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жаңа деңгейге көтерілді. Осы бір қоғам дертінің алдын алу және адалдық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі үйлестіру Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүктелді. Ауқымды өзгеріс өңірлерде нақты нәтижеге бағытталған жаңа форматтағы жобалардың іске асуына жол ашты.
Өңірлік департаменттер өз кезегінде ақпараттық-насихат, құқықтық түсіндіру және жастармен жұмыс күшейте түсті. Осы бағыттағы жұмыстар мен алдағы жоспар туралы jasqazaq.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Абылайхан Наурызбаймен сұхбаттасты.

Абылайхан Дағыстанұлы, ең алдымен Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына тоқтала кетсеңіз.
— Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және тұрғындар арасында түсіндіру семинарлары, «Адалдық сағаттары», дөңгелек үстелдер мен ашық пікірталастар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында жастар арасында парасаттылық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған кездесулер, құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты өткізіліп келеді.
БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы да ақпараттық-насихат жұмыстары күшейтілді. Сыбайластық жемқорлықтың алдын алу бағытында бейнежазбалар жарияланды.
Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатынд Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалымен бірлескен меморандум жасалды.
Алдын алу іс-шараларының нәтижесінде халықтың құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қаншалықты артты деп ойлайсыз?
— Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұрғындардың құқықтық сауаттылығы едәуір артты деп айтуға болады.
Азаматтар мемлекеттік қызмет алу кезінде өз құқықтарын жақсырақ біле бастады, заң бұзушылықтарға төзбеушілік деңгейі жоғарылады.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша – қоғамда әділдік қағидаттарына деген сұраныстың артқанын көрсетеді. Бұл тұрақты түрде жүргізіліп отырған алдын алу жұмыстарының нақты нәтижесі.
Алдағы уақытта Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қандай жаңа форматтағы іс-шаралар мен жобалар жоспарланып отыр?
— Алдағы кезеңде алдын алу жұмыстары жаңа форматта жалғасатын болады.
Атап айтқанда:
— цифрлық технологияларды кеңінен енгізу арқылы мемлекеттік қызметтерді толық автоматтандыру;
— тәуекелдерді басқару жүйесін күшейту;
— «ашық бюджет», «ашық әкімдік» форматындағы жобаларды дамыту;
— жастар арасында «адалдық клубтарын» кеңейту;
— «Адал ұрпақ — ұлт болашағы» жас ақындар Республикалық мүшәйрасын ұйымдастыру;
— Мобилографтар арасында «Жемқорлыққа қарсы күресті өзімнен бастаймын» әлеуметтік бейнероликтен байқау ұйымдастыру;
— Облыстық жастар ұйымдары көшбасшыларының арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектебі» семинарын ұйымдастыру;
— «Білім. Бірлік. Болашақ» тақырыбында облыстық зияткерлік интеллектуалды ойынын ұйымдастыру;
— Білім беру ұйым басшыларының арасында «Адал көшбасшы» облыстық байқау ұйымдастыру;
— Жастар арасында адалдық/парасаттылық бағытында «Менің таңдауым — Адалдық» жазғы мектеп дебат- пікір сайыс ұйымдастыру;
— Жасөспірімдер арасында «Түркістан – Адалдық мекені» облыстық айтыс байқауын ұйымдастыру;
— қоғамдық бақылау тетіктерін күшейту және комплаенс қызметтерін жетілдіру сияқты іс-шаралар жоспарланды.
Департаменттің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру және мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету десек, бұл міндет ойдағыдай орындалып отыр.
Әңгіміңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық

 

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету