jasqazaq.kz

Мақпал Жүнісова «Зың-зың» авторынан кешірім сұрады (видео)

25 қазан 2017, 16:20

«Біз қазақ эстрадасын қалыптастыру жолында біраз еңбек еткен әншілерміз. Жастар біздің артымыздан еріп, жақсы әуенмен келе жатыр еді. Аяқ астынан осындай мінеки, Еуропаның, Африканың музыкасы келе бастады. Қара нәсілділердің жаңа ритмді музыкасын алып, оған қазақша сөзді қалай болса солай қояды. Не өлең енді “зың-зың-зың, дың-дың-дың”, “жоқ-жоқ-жоқ”? Ол ұрпақты неге тәрбиелейді? Біздің ұлы ақындарымыз Тұманбай Молдағалиевтің, Мұқағали Мақатаевтың, Фариза Оңғарсынованың, Қадыр Мырза Әлидің, Исраил Сапарбаевтың сөздеріне жазылған әндер қайда қалды?» – деген болатын Халық әртісі. 

Ал бүгін бірнеше апта бұрын елге кең таралып кеткен «Зың-зың-зың» әнінің авторы Болат Нұрымовтың дүние салғаны белгілі болды.

Мақпал Жүнісова Болат Нұрымовты танитын болып шықты. Тек әннің Болаттікі екенін білмеген. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

«Жаз айында біздің Астанада берген концертте тамаша ән салып еді Болатжан,өмірден осылай жас озарыңды кім білген,кеше ғана сол концертті көріп отырып,жақсы айтады екен деп қуанып отырдым, иманың саламат болсын, Зың-Зың әнін сіз жазды деп естімеппін, артық айтсам,кешірерсіз»-деп жазған әнші.

reactor.inform.kz

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс