Күні кеше қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өмірден озғанына 12 жыл толды. Осы орайда Мақпал Жүнісова марқұм жарына арнап ас беріп, туған-туыстарына дастархан жайды, деп хабарлайды Stan.kz.
Халық әртісі марқұм жарына арнап Құран оқытқанын айтты.
“Кәрімғали қажы атамыз дәл қазір шаңырағымызға келіп Зәкеңнің қайтқан күніне арнайы Құран оқыды, атамыз 12 жыл бір уақытта келіп кетеді, Атамыз мың жасасын!” – деп бөлісті Мақпал Мұхамедиярқызы.
Бұдан кейін Мақпал Жүнісова марқұм жары Заманбек Нұрқаділовке арнап Нұрғиса Тілендиевтің “Сағындым ғой” әнін шырқап, жұрттың жүрегін елжіретті.