jasqazaq.kz

Мадина Нұршаева Азия чемпионы атанды

08 қараша 2017, 15:29


Вьетнамда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Мадина Нұршаева 64 келі салмақта Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандасымыз финалда қытайлық Ду Данмен жұдырықтасып, оны айқын басымдылықпен ұтты. Бірінші раундта қарсыласы ширақ қимылдағынымен, соңғы сәттерде Мадина Нұршаева оны бұрыштан-бұрышқа тықпалап, соққының астына алды. Аса тартысты өткен сайыста төрешілер қазақ боксшысын бірауыздан жеңімпаз деп таныды.

Енді санаулы минуттардан кейін шаршы алаңға 69 келі салмақтағы боксшымыз Валентина Хальзова шығады. Ол финалда Қытайдың тағы бір боксшысы Гу Хонгпен жұдырықтасады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 51 келіде Назым Қызайбай, 75 келіде Дариға Шәкімова, 81 келіде Мөлдір Базарбаева және ауыр салмақта (+81) Ләззәт Күнгейбаева Қазақстан қоржынына қола медальдар сыйлаған болатын.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы