jasqazaq.kz

Мұнай қымбаттайды деген жақсы xабар бар

21 желтоқсан 2016, 10:38

Американдық мұнай институты мен елдің Энергетика министрлігі АҚШ-тағы «қара алтын» қорының статистикасын жариялауы қарсаңында мұнайдың әлемдік құны артады.

inform.kz хабаралағандай, Сарапшылардың пікірінше, осы аптада «қара алтынның» қоры төмендеген. Сауда мәліметіне сүйенсек, 19.04 мск бойынша Brent маркалы солтүстікмұхиттағы мұнай қоспасының ақпандағы фьючерстерінің құны барреліне 1,55%-ға — 55,77 долларға өсті. WTI маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің құны барреліне 1,07%-ға — 53,63 долларға жетті, деп хабарлайды РИА Новости. Сәрсенбі күні АҚШ Энергетика министрлігі «қара алтын» қорының ресми статистикасын жариялайды. Рейтер агенттігі жүргізген сауалнамаға қарағанда, сарапшылардың болжамынша бір аптада қор 2,425 миллион баррельге кеміген немесе 0,5%-ға — 480,77 миллион баррельге дейін азайған. 9 желтоқсан күні аяқталған өткен апта да қордың күрт төмендегенін көрсетті. Landesbank Baden-Wuerttemberg сарапшысы Фрэнк Кламптың (Frank Klumpp) пікірінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы жақын апталарда барреліне 53-57 доллар аралығында болады.

 

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету