Ұлттық банк 2015 жылғы теңгенің нақты айырбастау бағамы индексін өзгертті

10 ақпан 2016, 16:33

Қазақстанның Ұлттық банкі алдын ала бағалау және теңгенің нақты айырбастау бағамы индексінің өзгеруін жария етті.

2015 жылы теңге нақты көрсеткіш бойынша 29,9%-ға әлсіреді (34 елдің валюталарына қатысты нақты тиімді айырбастау бағамы индексінің өзгеруі), ал 2014 жылдың басынан бастап 2015 жылғы желтоқсан аралығында әлсіреу 25,6%-ды құрады.

Теңгенің ресейлік рублге қатысты әлсіреуі 2015 жылы нақты көрсеткіш бойынша (нақты айырбастау бағамы) 29,3%-ды құрады, ал 2014 жылдың басынан бастап нақты көрсеткіш бойынша 1,9%-ға әлсіреді.

Негізгі сауда әріптестердің валюталарына қатысты нақты айырбастау бағамдарының деректері кестеде келтірілген.

Теңгенің нақты айырбастау бағамы индексінің өзгеруі

2015 жылғы қаңтар — желтоқсан 2014 жылғы қаңтар — 2015 жылғы желтоқсан
Ресей рубліне қатысты 29,3%-ға әлсіреді 1,9%-ға әлсіреді
АҚШ долларына қатысты 36,5%-ға әлсіреді 42,6%-ға әлсіреді
Еуроға қатысты 27,7%-ға әлсіреді 26,7%-ға әлсіреді
Қытай юаніне қатысты 34,4%-ға әлсіреді 40,0%-ға әлсіреді
Белорусь рубліне қатысты 4,7%-ға әлсіреді 13,3%-ға әлсіреді
Қырғыз сомына қатысты 24,6%-ға әлсіреді 26,6%-ға әлсіреді

 

Ағымдағы операциялар шотының тапшылығы алдын ала бағалау бойынша 2014 жылғы 6,0 млрд АҚШ доллары болған профицитпен салыстырғанда 2015 жылы 5,3 млрд АҚШ  долларын құрады және тауарлардың таза экспорты көрсеткішінің күрт қысқаруымен байланысты болды.

Сауда балансының оң сальдосы Ұлттық Банктің бағалауынша 2014 жылғы көрсеткішпен (2014 жылы 36,7 млрд долл.) салыстырғанда 65,6%-ға төмендеп, 12,6 млрд АҚШ  долларын құрады.

Төлем балансының жіктеуіші бойынша тауарлар экспорты 2015 жылы 2014 жылмен (2014 жылы 80,3 млрд АҚШ долл.) салыстырғанда  42,4%-ға төмендей отырып, 46,2 млрд АҚШ долларын құрады. Мұнайдың әлемдік бағасы экспорттың қысқаруының негізгі факторы болды — орташа алғанда 2015 жылы brent сұрыпты мұнай бағасы бір баррель үшін 52,4 АҚШ долларын (2014 жылы орташа алғанда бір баррель үшін 98,9 АҚШ доллары) құрады. Мұнай мен газ конденсаты экспортының құны 26,8 млрд АҚШ долларын құрап, 2 есе қысқарды. Қалған тауарлар бойынша экспорт 27%-ға қысқарды.

Тауарлар импорты 22,9%-ға қысқара отырып, 33,6 млрд АҚШ доллары болды (2014 жылы 43,6 млрд АҚШ доллары). Өнімдердің барлық түрлері бойынша тауарларды әкелу төмендеді.

Таза экспорт көрсеткіші төмендеген кезде ағымдағы шотқа түсетін қысым басқа құрауыштар бойынша теріс баланстардың қысқаруы есебінен төмендейді. Резиденттердің тауарлар экспортынан кірістерінің төмендеуі нәтижесінде бейрезиденттердің Қазақстанға тікелей инвестициялардан таза кірістері 2014 жылғы 19,6 млрд АҚШ долларынан 2015 жылы 8,1 млрд АҚШ долларына дейін айтарлықтай төмендеді. Резиденттердің іскерлік және инвестициялық белсенділігінің төмендеуі халықаралық қызметтер балансы тапшылығының 2014 жылғы 15,6%-дан 5,4 млрд АҚШ долларына дейін қысқаруына әкеп соқты.

Алдын ала бағалау бойынша қаржылық шот бойынша капиталдың таза әкелінуі (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) 2015 жылы 11,1 млрд АҚШ долларын құрады (2014 жылы 6,8 млрд АҚШ доллары). Бұл ағын негізінен тікелей инвестициялау операцияларымен және мемлекеттік сектордың қаражат тартуымен қамтамасыз етілді.

Қазақстан резиденттерінің тікелей инвестициялары түріндегі сыртқы активтер 2015 жылы 1,7 млрд АҚШ долларына, ал қазақстандық кәсіпорындардың үлестес бейрезиденттер алдындағы міндеттемелері 6,0 млрд АҚШ долларына өсті. Соның нәтижесінде тікелей инвестициялардың балансы бойынша капитал ағыны 4,3 млрд АҚШ долл. (2014 жылы 4,7 млрд АҚШ долл.) құрады.

Портфельдік инвестициялар балансы бойынша 5,9 млрд АҚШ доллары болатын капиталдың таза әкелінуі (таза әкету 2014 жылы 1,0 млрд АҚШ долларынан аса) Ұлттық қордың шетелдік активтерінің қысқаруы және ҚР Қаржы министрлігінің еурооблигацияларын шығару есебінен қалыптасты.

Ағымдағы операциялар шотының қалыптасқан тапшылығы төлем балансы қаржылық шотының операциялары, сондай-ақ 2015 жылғы екінші және үшінші тоқсандарда Ұлттық банктің резервтік активтерін пайдалану есебінен қаржыландырылған болатын. Тұтастай алғанда Ұлттық банк резервтік активтерінің төлем балансы операцияларының есебінен бір жылдағы қысқаруы шамамен 0,8 млрд АҚШ долларын құрады.

ҚазАқпарат агенттігі

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде