jasqazaq.kz

Лос-Анжелесте Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтеді

18 қараша 2017, 20:29

Биылғы 19-23 қараша аралығында АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтпек. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының мәдениеті мен киносының күндерін АҚШ-та өткізу америкалықтардың қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Сонымен қоса, бұл Қазақстан мен Американың мәдени байланысының жаңа кезеңі болмақ. Қазақстан Республикасының мәдениеті мен киносының күндері АҚШ-та бірінші рет өткізіліп жатқан жоқ. Десе де, бұл іс-шара екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынас тарихында қалатыны сөзсіз. «Spirit of the Great Steppe» — «Ұлы Дала Рухы» атты шарамыздың көздеген мақсаты — америкалық көрерменді Қазақстанның бай ұлттық — мәдени мұрасымен таныстыру», — деп келтіреді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының сөздерін ведомствоның баспасөз қызметі. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін АҚШ-тағы мәдениет және кино күндері 20 қараша күні Сабан театрында режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» көркем фильмімен ашылады. Көрсетілім аяқталғаннан кейін, халық әртісі Айман Мұсақожаеваның, халықаралық байқаулардың лауреаты Еділ Құсайыновтың, Қазақ Ұлттық өнер университеті Еуразиялық симфониялық оркестрінің, «Шабыт» және «Айгөлек» атты ансамбльдердің қатысуымен үлкен концерт өтеді. Сондай-ақ шара аясында «Қыз Жібек», «Балалық шағымның аспаны» ,«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» картиналары көрермен назарына ұсынылады. Аталған фильмдер қазақ тілінде ағылшын субтитрларымен көрсетіледі. Шараны Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан кинематографиялық өнері мен ғылымдары академиясы бірлесіп ұйымдастырмақ.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті