jasqazaq.kz

Лоббистер аяқтан шалғысы келеді

17 маусым 2016, 17:12

123

Жас қазақ: Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев Қызылорда қаласында салынып жатқан Orda Glass шыны зауытын тиімсіз жоба деп бағалады. Сіз осымен келісесіз бе?
Мұрат Әбенов: Қызылордадағы зауыттың тиімді тұсы көп. Біріншіден, бұл жоба бізге өте арзанға түсті. Доллар бағамы 180 теңге болып тұрған кезде зауытқа қажетті құрал-жабдық алынды. Сол уақытта біз 130 млн доллар жұмсаған болсақ, қазіргі жағдайда екі есе үнемдедік. 3 жыл бұрын Ақтөбеде осындай зауыт салынады деген уақытта, 240 млн еуро қаржы қажет болды. Қызылордадағы зауыттың тағы бір ерекшелігі, шығарылатын өнімді кез келген құрылыс саласына қолдануға болады.
Жас қазақ: Депутат зауыт өніміне сұраныс болмайды деп отыр. Себебі Ресей мен Қырғызстандағы осындай зауыттар бүгінде шығынға батып жатыр екен.
Мұрат Әбенов: Бұл зауытқа қарсы шығып отырғандар Ресей компаниялары. Олардың елімізде серіктестері, лоббистері бар. Солар қарсы шығып отыр. Себебі біздегі әйнек нарығының 70-80 пайызын ресейлік компаниялар жаулап алған. Олар ертеңгі бәсекелестен қорқып отыр. Бізде олардың өніміне сұраныс бар. Ертең өз зауытымыз іске қосылса, сұраныс жоғалады. Себебі Ресейден шыныны алып келгенше, өнімнің 20 пайызы сынады. Жолын, тағы басқа шығынды есептегенде әйнек бағасы тағы 30 пайызға қымбаттайды. Қазір жан-жақтан ортаға адам салып, сын айтатындар көп. Біз не үшін Ресейге тәуелді болуымыз керек? Нарығымызды не себептен оларға беріп қоюымыз керек? Қызылордада сапасы ең жоғары құм жатыр. Ол біраз уақытқа жетеді. Көгілдір отын құны арзан. Жұмыс қолы бар. Қырғызстандағы зауыт біздің сұранысқа сай келмейді. Біз соңғы халықаралық үлгідегі тәжірибені қолданамыз. Өндіру технологиясы заман талабын сай болады. Шынын айту керек, бұл зауытты Қызылордада осыған дейін де саламыз деп үш рет қамданған. Ағылшынның «Пилкинтон Бразерс» компаниясы Қызылордаға келіп, жобаны бастаймыз деп біраз уақыт жүрді. Осы аралықта олар Ресейден зауыт салып алды. Арада қанша уақыт бос кетті. Өткен жылы жазда «біз салып берейік», – деп тағы келіпті. Ондағы ойы тағы уақыт өткізу. Әйнек – шикізат. Оны кез келген құрылыс саласына қолданады. Бізге қазір ешкім әйнекті теңгеге сатпайды. Сол көршілес, серіктес деп отырған Ресейдің өзі доллармен сатады. Біз құрылысын бастағалы бері лоббистерін жіберіп, нешетүрлі сын-пікірлер айтылуда. Тұрақты клиенттен ажырағысы келмейді. Жасап отырған жұмысыңа бәсекелестерің сын айтса, онда керісінше, тоқтатпау керек.

Сұхбаттасқан
Елдос Өмірзақұлы

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті