lexus мінген күн

17 қантар 2020, 13:19

Осыдан біраз күн бірге қызметтес болған құрбымды кездестіріп қалдым. Амандық-саулық сұрасқаннан кейін Дариға құрбым бір әңгіменің шетін шығарды.
– Айтпақшы, сен газетте жұмыс істейсің ғой иә, – деді таңданып.
– Иә, Jas qazaq газетіндемін, – дедім тосыннан қойған сауалына.
– Онда мен саған бір әңгіме айтып берейін, басқалар да білсін, арандап қалмасыншы, жаз! – деді жұртқа жаны ашығанын білдіріп.
– Не болды, қандай жағдай тыныштық па? – дедім менде абдырап.
– Біздің үйдегі отағасы Асқар (есімі өзгертілген – ред.) осыдан бір ай бұрын алаяқтарға алданып қалды. Сол туралы айтып берейін. Менің күйеуім сияқты аңқаулардың қаншасы алданғаны белгісіз, – деген құрбым әңгімесін бастап кетті.
Асқар көлік жүргізушісі ретінде жұмыс іздеп, өзі туралы ақпаратты OLX сайтына тіркейді. Ертесінде-ақ жұмысқа шақырып, өздерінің қызметін ұсынғандар көп болды. Айлығы жоғары болғанын жөн көрген күйеуім жұмысқа алушыларды өзі таңдай бастады, – деп, құрбым күліп қойды.
– Содан не керек, жұмыста отыр едім «Дариға, мен енді «lexus-270» көлігін тізгіндейтін болдым. Айлығы 200 мың теңгеге жуық болады. Енді қазіргідей қиналмаймыз, пәтерақыны да дер кезінде төлейміз, несиеден де құтыламыз» деген жолдасы қуанышын жасыра алмады.
Мен де шынымен қуанып, жақсылап ақ жейдеңді киіп ал, бастықтар киіміңе қарайды, құжаттарыңды да дұрыстап түгендеп апар дедім.
Күйеуімнің жақсы жұмысқа орналасатынын көз алдыма елестеттім. Лексуспен жүйткіп Алматыны аралап жүргенімізді ойлап қиялға беріліп қоямын.
Жолдасыма қайта қоңырау шалып:
– Енді жұмыс берушімен қашан сұхбаттасасың, мекенжайын айтты ма? Қашан барасың? – деп тықақтай бастадым.
– Халыққа қызмет көрсету орталығынан барлық анықтаманы алдым, енді №86 медициналық анықтама жасататын адам керек, соны шешсем болды – деп қояды. Көңіл-күйі көтеріңкі екенін даусынан сезіп тұрмын.
– Жұмыс беруші тездетіп құжаттарыңды әкел, ертең жұмысқа кірісесің, мәшинені алып кетесің деді.
Жұмыс берушіңе хабарласып құжаттардың бәрі дайын, тек №86 медициналық анықтама кейінірек өткізуді сұрап көр, бәлкім, кейінге қалдырарсың. Бүгін үлгере алмассың…
Бір уақытта жолдасым қайта хабарласып: «Бастықтың Гуля деген танысы бар екен. Достық көшесіндегі №5 емханада дәрігер, соған хабарлассаң, медициналық анықтама жасап береді деді, – деп мәз боп тұр.
– Жаңалық болса, хабарласарсың, – дедім жолдасыма.
Біраз уақыт өткеннен кейін тағатсызданып, өзім қайта қоңырау шалдым.
Телефонның арғы жағындағы дауыс: «Уайымдама! Гуляға хабарласып едім жиналыста екен. Қазір телефоныма 3500 теңге салып жібер, дайын болғанда өзім хабарласамын деді. Гуляның телефонына 3500 салып, чегінің суретін де жіберіп қойдым, енді хабар күтіп отырмын, – деді.
Бір сағат өтті-ау дегенде жолдасым Гуляға хабарласса, телефоны сөндірулі. Жұмысқа аламын деген жігітке хабарласса, оның да телефоны сөндірулі. Бәлкім, телефондарын қосып қалар деген үмітпен жолдасым әлгі емхананың алдында 3 сағат отырады. Ал жұмыс беруші мен, дәрігер Гуляның нөмірі содан бері қосылған жоқ. Байланыс аясынан тыс жерде.
Дариғаның айтып отырған әңгімесін бұрын да талай кісіден естігенмін. Шынымен елімізде Асқар секілді бармағын тістеп қалғандар мыңдап саналады. Келешекте қаншама адам тағы да тақырға отырады. Бір қарағанда 3500 теңге аз секілді. Алаяқтар осындай тәсілмен де жансақтайды екен. Асқар өзі хабарласқан нөмірлерді тексертпек болып, Медеу аудандық полиция басқармасына барыпты. Тәртіп сақшылары ондай оқиғалар өте көп, өзің секілді азаматтарды алдаған адамдардың біразы абақтыда отыр, – деп шығарып салыпты.
Қайтейік, алаяқтардың асығы алшысынан түскен заман болып тұр…

Мақпал Ноғайбаева

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген