jasqazaq.kz

Үлескерді алдаған кім?

14 қараша 2016, 21:36
aktau
Ақтауда үлескерлер өздеріне тиесілі баспаналарын ала алмай жылап жүр.
Кезінде жаңа пәтер үшін қыруар қаржы құйған жұрт ақыры жер сипап қалған. Десе де, олар 10 жыл бойы үміттерін үзбей, күтумен келеді деп хабарлайды ktk.kz. Осы уақыт ішінде құрылыс компаниясы қайта-қайта ауысып, үй әлі де толығымен бітпепті. Дегенмен, жергілікті басшылар пәтер иелері үшін мәселе жақын арада шешіледі деп отыр. Ал, осы үйдің төменгі қабатынан кеңсе алған 30 адамның не ақшасыз, не кеңсесіз қалатын түрі бар.

Бұл үлескерлердің 7 жыл бұрын су жаңа пәтерге қоныстанулары қажет еді. Бірақ, олар әлі баспананы армандаумен жүр. Оған құйылған ақшаны да жұрт қайтара алмаған.

Анар Батыхова,  үлескер:

–Өзім бақандай 6 жыл бойы пәтерімді ала алмай жүрмін. Жұрт осы уақыт ішінде екі-үшеуден балалы болып жатыр. Ал, ақшасы баяғыда төленген баспана әлі жоқ. Әбден шаршадық!

Жұрт баспанаға 2006 жылдан бастап қаржы құйған. Артынша, құрылыс компаниясымен соттасып, басшысы қылмыстық жауапқа тартылыпты. Сөйтіп, үлескерлерге мемлекет араша түскен екен. Яғни, қазынадан 200 миллион қаржы бөлініп, жаңа мердігер келіпті. Бірақ, жұрттың бас қайғысына айналған мәселе әлі күнге дейін шешілген жоқ.

Людмила Зуб, үлескер:

–Осы уақыт ішінде қанша ақшадан айырылдық. Қаржыны несиеге алғанбыз. Біз банкке осы пәтерге алған ақшадан 2 жарым есе артық төледік. Бұған ешкімнің басы ауырмайды.

Бас қайғыға айналған мәселе басталғалы Ақтауда 7 әкім өзгеріпті. Бәрі де үлескерлерге уәдені үйіп төккен. Бірақ, түрлі кедергілер шығып, үй пайдалануға берілмей келеді. Енді мәсілесе жеделсатыға тіреліп тұр екен.

Нұрлыбай Аққұлов, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:

–Жеделсаты мәселесіне қатысты кеше ғана Могилевтегі зауытпен сөйлестік. Олар тапсырыстың түскенін растады. Келісім-шарт бар. Оған сәйкес, 30 қарашада тауарды бізге қарай жөнелтеді. Жеделсатылар бізге желтоқсанның басында жетеді деп отырмыз.

Бітудің алдында тұрған үйдің кем-кетігі де бастан асады. Дегенмен, жұрт оның бәріне көз жұмуға дайын. Енді жергілікті басшыларға сенсек, үлескерлер жаңа жылдың басында қоныс тойын тойламақ. Ал, осы үйдің төменгі қабатындағы кеңсеге ақша құйған 30-ға тарта адамның жер сипап қалатын түрі бар. Себебі, құрылыс компаниясы оны сатып, мемлекеттен бөлінген 200 миллионды қайтармақшы екен.

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету