jasqazaq.kz

Латын қарпімен жазу — тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер

21 желтоқсан 2017, 12:15

Адам баласы туа бітті қабілеттілігі арқасында тірлігінде бірнеше тілді меңгергенімен, оның ана сүтімен дарыған ана тілі әрдайым дара. Кез келген ұлттың туған тілі – ол өмір сүретін қоғамның, ортаның әлеуметтік, рухани, мәдени дамуының негізі болып саналады және алдағы кезде де солай болып қала береді. Тіл – адамзат үшін өзін, елін, туған жерін тануға, өткенін зерделеп, болашағын болжауға тікелей жол ашатын баға жетпес байлық, қасиетті қазына. Тіл – тек қатынас құралы ғана емес, ол халықтың тарихы, рухани мәдениеті, тіршілік көзі, өмір танымы.

Бала кезден алған тәрбиесі мен меңгерген білімінің арқасында туған ұлтына, елі мен жеріне қызмет жасап жүрген ұрпақтың көкірегінде ана тілі сайрап тұрса, одан ел ертеңін ойлайтын азаматтың шығары анық. Біздің де бүгінгі күнгі басты мақсатымыз – ғарыштық жылдамдықпен алға дамып бара жатқан ақпараттық ғасырда өзіміздің туған, еліміздің мемлекеттік тілі болып саналатын және бағаланатын қазақ тілін дүниежүзі елдеріндегі мәртебелі деген тілдермен бәсекеге түсе алатындай жағдайға жеткізу. Ана тіліміздің абыройын асырып, маңызын арттыру.
Қай заманда, қай кезеңде болмасын, сол жерде жүргізілетін тіл саясаты – ел басқарудың ерекше бір тетігі болып келген және алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Қарт тарихтың қатпарларына үңілер болсақ, отарлаушы елдердің басым бөлігі жазба мәдениеті дамымаған халықты өз ырқына икемдеу арқылы олардың санасын биледі, айтқанын істетті. Сол себепті ғаламдық жаһандану кезінде тілімізді төрге оздыру біздің халқымыз үшін үлкен сын әрі маңызды міндет екенін естен шығармағанымыз жөн.
Бүгінгі таңда әлемде өз алдына дербес тірлік етіп, тәуелсіз өмір сүріп жатқан 220-ға тарта жеке мемлекет болса, соның 112-сі, яғни әлем халықтарының 60 пайызы (4,5 млрд. адам) латын әліпбиін қолданады екен. Дәл осы мәліметтерге қарап отырып-ақ латын графикасының дүниежүзілік маңызын, мәртебесін аңғаруға болады.
Елбасы тұтас қоғам іштен тынып, алуан пікір туындап тұрған тұста елдің ертеңі үшін ең маңызды шешім қабылдап, біртіндеп латын қарпіне көшу туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысының бұл бағытта нақты шараларды жүзеге асыру жайлы міндеттемесін елдің даму қарқынын байыппен саралап, әлем кеңістігінде болып жатқан рухани өзгерістердің бәрін санадан өткізе отырып, мұқият талдауынан кейін жасаған шешімі деп білемін.
Латын графикасын қолданысқа алу – ана тілімізді сақтап қана қой¬май, оны дамытуға, әлем сахнасына халық¬аралық тіл ретінде шығаруға, сол арқылы ресми тәуелсіздігімізді сананың еркіндігімен нығайтуға мүмкіндік береді.
Елбасы Н. Назарбаевтың «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деуінде терең мән жатыр. Елдің бәсекеге қабілет¬ті¬лігі¬нің өлшемдері қатарында оның мем¬лекеттік тілінің сол елде тұратын халықтардың тілдерінен басым тұруының маңыздылығы аса үлкен екені айтпаса да түсінікті. Мәңгілік ел атануға бағдар ұстаған тұста, рухани жаңғырудың бір ұшы алдымен мемлекеттік тілге басымдық беру, соған қол жеткізуде екенін сезініп, сол жолда батыл әрекет жасайтын уақыт келіп жетті. Сондықтан осы бағыттағы шараларды батыл түрде қолға алған жөн.
Латын жазуына көшу жастарымыздың болашағын ойлау, ұлттың тұтастығына қатысты мәселе екендігі даусыз. Осылайша бұрынғы 42 әріптен тұратын ескі әліпбидің орнына 32 әріптен тұратын жаңа, заманауи әліпби енгізуді қолға ала бастадық. Мұндағы басты мақсатымыз – ұлт тілінің болмысын сақтау.
Бүгінде дүниежүзіндегі ақпараттар ағынының 70 пайызы латын графикасымен беріледі. Сондай-ақ, бұл озық ғылым мен білімнің, инновациялар мен интернет қолданушыларының сұраған ақпаратын жылдам қанағаттандыратын Google, Yahoo сынды заманауи іздеу жүйелерінің де негізі болып саналады. Латын әліпбиін қолданысқа алу арқылы түбі бір түркі дүние¬сі¬мен рухани, мәдени, ғылыми, эко-номикалық қарым-қаты¬насты, тығыз байланысты барынша күшейтуге мүмкіндік аламыз.
Жастар жағы латын қарпіндегі қазақ жазуын тез игеріп алады. Өйткені қазіргі кезде олар ағылшын тілін меңгеруге мықтап ден қойған. Сонымен бірге олар ұялы телефон арқылы СМС-хабарламаларды, әлеуметтік желілердегі әңгімелесулерін латын қарпімен оңай жазып жүргендіктен, жаңа әліпбиді меңгеру кейінгі буынға аса қиындық туғызбас. Мектеп¬те де ағылшын тілі пәнін оқыта¬тын¬дық¬тан оқушылар латын әліпбиін тез қабылдайтыны анық.
Ұлттық сананың қалыптасуы тарихи сананың жаңғыруынан бастау алатыны мәлім. Тарихи сана қалыптасу үшін де адам ең алдымен өзінің төл тарихын, елі мен жерінің өткені мен бүгінін, шыққан ата-тегін білуі керек. Уақыт сынағынан өткен латын жазуына көшудің болашақ үшін өте маңызды екенін қазақстандықтар жақсы түсінеді. Себебі қазақ тілі ең бай, ең әуезді көркем тіл болғандықтан, оның мүмкіндігін кеңінен пайдалану үшін әлем қолданысындағы жазуға келтіру керек. Ал кириллицаның қолданыс аясы алға жылжыған жылдармен бірге тарылып келеді. Оның орнын басқан ағылшын тілінің қажеттілігін өркениетті әлем баяғыда мойындап қойды.
Шығыс ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби: «Жастарыңызды көрсетсеңіз, мен сіздердің елдеріңіздің болашағын айтып беремін» деген екен. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы да ел жастарының бойында Тәуелсіз Қазақстанды биік шыңдарға жеткізетін күш-жігері, табандылығы мен талантының жеткілікті екеніне сенім білдіріп, оларға үлкен үміт артып келеді.
Жаһандану заманында бәсекеге қабілетті болу үшін өз Ота¬нын шын сүйетін патриот, көп тіл біле¬тін, креативті жә¬не жылдам ойлап, тез шешім қабылдауға қабілетті, салауатты өмір салтын ұс¬танатын, сауатты әрі ұқыпты, жау¬апкершілікті сезіне білетін ұрпақты қалып¬тастыруымыз қажет. Ел жастары Елба¬сының ұстанған саясатын өздері¬нің өмірлік бағыт-бағдары ете отырып, мемлекетімізді рухани тұрғыда дамытып, зияткерлік деңгейін жоға¬рылатуға өз үлестерін қосып жатса, дамыған 30 елдің қатарына енетін күніміз жақындай түспек.
Елдің мем¬ле¬кеттік тілін латын әліпбиіне көшіру ісін мерейлі мәресіне жеткізу осы елдің өзіне абыройлы міндет әрі үлкен сын екенін жете түсінуіміз қажет. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі 2025 жылы аяқталады. Демек, «асығыстық» туралы айтылып жүрген жел сөздің жөні жоқ. Жас мемлекетімізді осынау өрісті жолмен, халықтың берекелі бірлігімен алға бастап келе жатқан Елбасының көрегендігімен қабылданған жаңа қазақ әліпбиі елімізді халықаралық өркениет кеңістігіне жетелейтін даңғыл жолдардың бірі әрі біргейі болары сөзсіз. Бұл – қазақ ті¬лінің мәртебесін асырып, жаңа тұрпатты жаңғыртудың негізгі бағыты әрі бағдары. Қазақстандықтарды дүр сілкіндіріп, рухани жаңғыруға бағыттап, қазақ тілін мәңгілік сақтауға апарар сындарлы соқпақ. Сондықтан қазақ тілін дамудың жа¬ңа асуынан асырудың басты жолдарының бірі – латын қарпіне көшіру болып табылады.
Әліпби Ұлы Абай айтқандай, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін¬дей, оралымды, үйренуге жеңіл, аз таңбалы және жазуға икемді болғаны жөн.
Әрине, қиындықсыз, кедергісіз шаруа бітпесі анық. Бірақ, біз осының бәрі ұрпағымыз бен ортақ мекенімізді болашақта зор өрлеуге жеткізерін, нақты істердің көрсеткіші бойынша ілгері басушылыққа апаратынын түсіне білуіміз қажет.

Алматы облысы әкімі
баспасөз қызметінің бас маманы
Қуаныш Ожаров

Бүгін, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім