jasqazaq.kz

Латын әрпіне көшуге қанша қаржы жұмсалады

31 қазан 2017, 15:55

Астанада өткен брифингте журналист сауалына жауап берген Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ерлан Сағадиев қазақ тілінің латын графикасына көшуі бойынша қанша қаржы жұмсалатынын айтты, – деп хабарлады Baq.kz.

Мәдениет және спорт министрі мен Білім және ғылым министріне қатар қойылған «нақты қанша қаржы жұмсалу жоспарланып отыр» деген сауалға министрлер тұшымды жауап бере алмады.

«Осы латын әліпбиіне көшу бойынша қарастырылған нақты сома бар. Оның барлығы қайда жұмсалатыны нақты белгіленген. Мысалы, біз 2019 жылы нөлінші сыныптарға латын әліпбиін оқытатын тәрбиеші-ұстаздарды үйретуді бастаймыз. Сол секілді біз кезең-кезеңімен әрбір сыныптарды латыншаға ауыстырған кезде барлығына да оқытушыларды дайындауымыз керек. Және жыл сайын жаңа оқулықтарды басып шығаруымыз керек. Мысалы, 2019 жылы біз нөлінші сыныпқа арналған латын әліпбиіндегі оқулықтарды басып шығара бастаймыз. Мұның барлығы қаржымен шешіледі» — деді Ерлан Сағадиев.

Ал Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл сұраққа қатысты өз ойын білдірді.

«Мен сізге былай түсіндірейін; Біз қалай республикалық жұмыс тобы құрамыз, солай бұл қаржыға байланысты мәселелер анық шешілетін болады. Сіздер дұрыс айтасыздар, бұл үлкен жоба, соған орай бұған жұмсалатын шығын да аз болмайды. Ал біз – Мәдениет және спорт министрлігі 2018 жылға 56 млн теңге көлемінде қаржы сұрап отырмыз. Бұл — жарнамалық жұмыстарды жандандыруға, арнайы порталға және мәтіндерді латын графикасына автоматты түрде көшіретін конвертер әзірлеп іске қосуға, сонымен бірге латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшірудің 2018-2020 жылдарға арналған іс-шараларға жұмсалатын болады» — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ерлан Сағадиев аралас және орыс тілді мектептерде латын әліпбиімен жазылған қазақ тілі қалай үйретілетінін айтқан. Сондай-ақ Арыстанбек Мұхамедиұлы латыншаға көшу бойынша атқарылатын шараларға тоқталған еді.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы