Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі – уақытылы жасалған сәтті қадам.
Бұл арқылы күллі түркі әлемімен рухани байланыс жасауға үлкен мүмкіндік туады. Латвия журналистері одағының басшысы әрі университет доценті Юрис Пайдерс осындай пікірде, деп хабарлайды 24.kz.
Юрис Пайдерс, Латвия университетінің доценті:
– Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа әліпбиге көшу туралы шешімі жан-жақты ойластырылып жасалған қадам дер едім. Себебі бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, күллі түркітілдес халықтардың рухани бірлігі үшін қабылданған шешім болды. Осы арқылы түркітілдес елдердің бірлігі бекем болары сөзсіз.