jasqazaq.kz

Латын әліпбиіне көшпес бұрын сынақтан өткізіледі

01 қараша 2017, 11:55

Латын әліпбиі алдымен мектептер мен ЖОО да сынақтан өткізіледі. Бұл процесс 2025 жылға дейін созылуы мүмкін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Астана арнасы.

Оның айтуынша, сөздіктер шығару, терминдер мен грамматиканы реттеу сынды қыруар шаруа күтіп тұр. Әліпбиді енгізудің өзі екі кезеңнен тұрады. Үкіметтік деңгейде комиссия құрылып, оның басқаруы мен жаңа орфографиялық ережелер жасақталады. Және осы ереже аясында әдебиеттер мен сөздіктер жарыққа шығады. Жаңа әліпбиге көшудің нақты бюджеті әлі белгіленген жоқ. Әйтсе де алғашқы жұмыстарға қанша қаражат қаралғанын Мәдениет және спорт министрі айтып берді.

“Бұл ауқымды жоба. Сондықтан үлкен қаржылық шығынды қажет етеді. Мәдениет және спорт министрлігінің бағыты бойынша 2018 жылға 56 млн теңгеге өтініш бердік”, – дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ақшаның негізгі бөлігі оқулықтар даярлауға жұмсалады деп жоспарланған. Тағы біраз қаржы мәдени мұраны сақтау мен сандық жүйеге өткізуге қаралмақ. Ал сынақтан өткізу қорытындысын сарапшылар қарап, мемлекеттік комиссияға ұсынады. Келер жылдан бастап даярлық сыныбының мұғалімдері жаңа әліпбиді қолдану бойынша арнайы оқытудан өткізіле бастайды.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы