jasqazaq.kz

Латын әліпбиін үйрететін орталық ашылды

10 қараша 2017, 21:37


Білім беру мекемесі кез-келген жастағы адамдарға арналғанымен, келушілердің дені үлкен кісілер болатын шығар дейді ұйымдастырушылар.Олай деуге негіз бар.Өйткені егде жастағылардың дені кезінде мектепте шет тілін оқымағандықтан, не ұмытып қалғандықтан латын графикасын мүлдем білмеуі мүмкін, деп хабарлайды ktk.kz.

 

Ал бірнеше жылдан соң барлық мемлекеттік мекемелерде тек осы әріптермен жазылған шағымдар мен өтініштер қабылданатынын ескерсек, қарттардың орталыққа қызығушылық танытары анық. Әр топта 10-15 адамнан ғана болады. Әзірге жаңа әліпбиді оларға бір мұғалім ғана оқытпақ. Алдағы күндері сұраныс болып жатса, қосымша топтар ашып, ұстаз жалдаймыз дейді ұйымдастырушылар. Аптасына екі күн жұмыс істейтін орталықта барлық сабақтар тегін. Мұғалімдер әзірге тек қолданыстағы әріптердің латынша нұсқасын үйретумен ғана шектелмек.

Жанат Мұхамеджанов, «Қызылжар» қосымша білім беру орталығының директоры:

-Бұл жерде тек қана графиканы, латын әліпбиінің графикасын ғана оқытамыз. Алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты жаңадан орфографиялық сөздікті түзгеннен кейін, сөздердің дұрыс жазылу емлесін басқа дүниелерді де оқытатын болады осы жерде.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы