Лара Фабианның концертіне билет алғандар тақырға отырды

11 шiлде 2023, 11:26

Астаналықтар әйгілі әнші Лара Фабианның концертіне билет сатып алып, бірақ тамашалай алмады. Әншінің елордада «концерт беретінін» биылғы жылдың басында әлеуметтік желілерден білген. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздың шығармашылығымен таныс адамдар бірден билеттерді сатып алуға асыққан. Алайда наурыз айында өтуге тиіс болған концертке санаулы күн қалғанда жағымсыз хабар келген. «Концерттің қазан айына ауыстырылғаны туралы хат келді. Бізге ақшаны қайтаруды немесе концертті күтуді ұсынды. Билеттер жарамды болатынын айтты. Тіпті кепілдік хат жіберілді. Бірақ бұл кейін болған. 1 маусымға дейін ақшамызды толық қайтарады деген», — деді әншінің жанкүйері Гаухар Исина. Алайда қазақстандықтарға төлеген ақшасы қайтарылған жоқ. «Басында бізге ақшаны банк шотына қайтаруды ұсынды. Біз үшін бұл күдікті болды. Онлайн төлем қалай қайтарылады? Екінші күдігіміз 24 маусым күні Астанада екінші концерт жариялаған кезде туындаған. Бірақ бұл мүлдем басқа ұйымдастырушы», — деп еске алады Гауһар. Әншінің жанкүйерлері концерттің шынайылығына шүбә артып, олар ақпаратты тексере бастады. «Сонымен қатар бізге Лара Фабианның ресми агенті деп таныстырылған адамнан келісімшарт ұсынылды. Бұл келісімшарт 2023 жылдың 25 ақпанында жасалған, ал билеттер 2023 жылдың қаңтар айының басынан сатыла бастады. Концерт Алматыда 2023 жылдың 1 қазанында өтуге тиіс. Ал билеттер 20 наурызда Астанада сатылған, яғни сәйкессіздіктер бар. Лара Фабианның сайтындағы концерттер кестесін қарағанымызда Астана болған жоқ», — деп бөлісті Гаухар. Алданған қазақстандықтар барлық мәліметті жинап, тәртіп сақшыларына жүгінген. «Меніңше, бұл жерде алаяқтардың әрекеті көрініп тұр. Біз ішкі істер органдарына жүгіндік. Мен полиция бөліміне жүгіндім, бірақ өтінішім қабылданбады. Олар мәселені сотқа дейін, жеке шешуіміз керектігін айтты немесе сот органдарына жүгінуге кеңес берді», — деп бөлісті әншінің тағы бір жанкүйері Атабек Умарбек. Алматы полициясы өтінішті неге тіркемегенін түсіндірді. «Істің мән-жайы зерделеніп, азаматтарға тараптар арасында азаматтық-құқықтық мәселе туындағандықтан, ол ұқсас жолмен ғана шешілуге тиіс екендігі туралы түсіндірілді және азаматтық сотқа талап арыз беру қажет екендігі айтылды», — деп хабарлады ведомстводағылар. Заңгерлер ұрланған ақшаны қайтарып, ұйымдастырушыларды жауапқа тартуға бола ма деген сұраққа жауап берді. «Сот процесінде ақшаның қайда жұмсалғанын сұрауға болады, егер ақша тиісті мақсатта жұмсалмаса, онда бұл мәмілені жарамсыз деп тану тәртібі бар. Егер бұл мәміле жарамсыз деп танылса, сәйкесінше болашақта бұл қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге негіз болады», — деп түсіндірді адвокат Мерхат Ахметолдин. Концерт ұйымдастырушылары журналистердің қоңырауларына жауап бермеді. Айта кетейік, қазір жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам ақшадан айырылған 20 жуық қазақстандық Ішкі істер министрлігіне, Бас прокуратураға және Қаржы мониторингі агенттігіне ұжымдық үндеу әзірлеуде.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды