«Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту бойынша іс-шаралар жүргізу» атты әлеуметтік жобасы аясында «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, Ақмола облысы білім басқармасының қолдауымен Бурабай ауданы «Discovery Borovoe» сауықтыру орталығында ағымдағы жылдың 10-12 мамыр аралығында «Ұланымыз Ұлы елдің!» форумы өтті.
Форумның мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық біліктіліктерін, отансүйгіштік сезімдерін дамыту, балалар қозғалысының өзекті мәселелерін шешудегі бірлескен әрекеттерді шоғырландыруға бағытталған, өңірлердегі балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруға көмек беру.
Іс-шараға облысымыздың Ақкөл, Астрахан, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Еңбекшілдер, Жақсы, Жарқайын, Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары және Көкшетау қаласынан жалпы білім беретін мекемелердің оқушылары, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары және мүшелері, тәлімгерлер, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің тәрбие бойынша әдіскерлері, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері және шақырылған қонақтар, жасұландықтар — жалпы саны 120-дан астам адам қатысты.
10 мамыр күні
«Жас Ұлан» ұйымының жетістіктері мен алдағы таңдағы жоспары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Аудандар мен қалалардағы «Жас Ұлан» хатшыларының есебі тыңдалды. Жыл бойынша қортындыларын жасап, сұрақтарға жауап бере отырып есептері қабылданды. Барлық жылдық есеп қорытындысы бойынша үздік үш «Жас Ұлан» өңірлік ұйымы анықталды. Олар: Жақсы ауданы, Бұланды ауданы, Көкшетау қаласы. Арнайы жасалған «Үздік өңірлік ұйым 2017» кубогы табысталды.
«Көшбасшы қасиетін дамыту» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының көшбасшыларына және жасұландықтарға арналған тренинг өтті. Тренингті Астана қаласы Еуразия гуманитарлық институтының жетекші психологы, педагог-зерттеуші Пахрудинова Жанат Ибадуллаевна жүргізді. Трениг барысында көшбасшылық қасиетті дамыту, ұжымдық жұмыс, көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық нормаларды сақтауын қалыптастыру және дамытуға ықпал жасалынды.
11 мамыр күні
«Үздік Ұланбасы — 2017» байқауы өткізілді. Байқауға облысымыздын әр өңірінен келген 15 «Ұланбасы» қатысты.
Байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде, қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және интеллектуалдық деңгейін көтеру және талантты балаларды анықтап, марапаттау арқылы ынталандырып дамыту болып табылады.
Байқау 3 кезеңнен тұрды. 1 кезең — таныстыру; 2 кезең- 2016-2017 оқу жылында өткізген іс-шаралар жөнінде презентация (10-15 шақты); 3 кезең –«Ұланбасының» бір күні – бейнеролик; 4 кезең — сұрақ-жауап.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері: 3 орын — Хамит Айжан (Жақсы ауданы), 2 орын — Ахметова Индира (Бурабай ауданы), 1 орын — Болат Динара (Целиноград ауданы), осы 4 кезеңнен сүрінбей өтіп, тобтан оза шыққан №3 Көкшетау қаласы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернатының «Ұланбасы» Шайкенова Айри «Үздік Ұланбасы – 2017» байқауының жеңімпазы атанды.
Жеңімпаздар және қатысушылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Бас жүлде «Үздік Ұланбасы – 2017» кубогы табысталды.
Форум аясында: «Адал ұрпақ –2017» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті.
Негізгі мақсат мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Облыстық слетқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Беспалинов Берген Маратұлы, облыстық маслихаттық депутаты, «Жаңару» сыбайлас жемқорлық қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Ақмола облысы филиалының директоры Баймағамбетов Әлібек Бекболатұлы, «Белый Блоггер» ҚБ Президенті Жайықбаев Ерлаз Мұхтарұлы, Ақмола облысы білім басқармасы тәрбие бөлімінің басшысы Степанова Наталья Сергеевна құрметті қонақ ретінде қатысты.
Слет жемқорлық жөнінде қойылыммен басталып бейнероликпен жалғасты. Құрметті қонақтар сөз сөйлеп қатысушыларға жемқорлықтың зияндылығы мен оны алдын алу жолдарын көрсетіп, мысал арқылы дәлелдеп қойылған сұрақтарға толық түрде жауап берді. Слет қатысушыларды белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапаттаумен аяқталды.
Форум «Мен жеңімпаз!» атты көңілді спорттық жарыс, «Достық алаңы», «Бастаңғы», демалыс уақыты және басқа да қызықты шаралармен жалғасты.
12 мамыр күні
Форумның салтанатты жабылу және қатысушыларды марапаттау рәсімі Бурабай ауданының мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Біржанов Азамат Дулатұлы, Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры Мәдиева Гүлмира Қайыржанқызы, Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалармен жасөспірімдер ұйымының төрағасы Закиров Мейрамбек Серікұлының қатысуымен өтті.
«Ұланымыз Ұлы елдің!» форумының жабылу салтанаты мен қатысушыларды мараппаттау рәсімі Бұланды ауданынан келген жастардың «ЕКСПО-2017» көрмесіне арнайы жасалған есте қаларлықтай дефилемен ашылып, Бурабай ауданы және Көкшетау қаласынаң арнайы келген таланттардын концерттік қойылымдарымен жалғасты.
Форумға келген қатысушылар мен қонақтарға өткен екі күндік жұмыс бойынша естелік ретінде бейнеролик көрсетілді.
Шара барысында үздік 10 оқушыны «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Рәсім қабылданушылар ант қабылдап, «Жас Ұлан» ұйымының әнұранын айтумен аяқталды.
Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларының үндеуін Көкшетау қаласы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернатының «Ұланбасы» Шайкенова Айри жариялап, келген қонақтарға табыстады.
Форум барысында сөз алған құрметті қонақтар шараның жоғары деңгейде өткенін және жасұландардың нағыз өз елінің патриоты екеніне көз жеткізгендігін атап өтті.
Салтанатты жабылу рәсімінде форумның барлық қатысушылары алғыс хат, сертификат, дипломдар және арнайы жасалған естелік сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты жабылу рәсімінде сөз алған қатысушылар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, алдағы таңда мемлекеттің және ұйымның дамуына ат салысатынына сөз берді. Балалар форум барысында бір-бірімен танысып, өздеріне көптеген достар тауып, форумның аяқталуында бір-бірін қимай,тарқасты.
Елбасымыздың қолдауымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымының қатарында болу әрбір шәкірт үшін үлкен мәртебе. «Жас Ұлан» ұйымының жұмыстарын жүйелі орындап, жандандыруға өзіндік үлестерін қосып жүрген Ақмола облысының ұландары қашанда игі бастамаларды қолдап, ұйымдастыруға ат салысып жүреді. Болашақты бүгіннен ойға алған әрбір жас өрен «Жас Ұлан» ұйымын көптеген мүмкіндіктерді ашуға апарар жол деп біледі.
Облыста құрылған «Жас Ұлан» балалар ұйымы – балалар мен жасөспірімдердің пайдалы істерді жүргізетің нағыз шыңдалу мектебі болып табылады. Болашақта еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, абыройын асқақтату – жас ұландықтардың қолында.
Ақмола облысы