jasqazaq.kz

Лаңкестердің әйелдері хиджабтарын шешіп, жұмысқа орналаса бастады

03 қараша 2017, 12:53


Былтыр Ақтөбеде лаңкестік жасап, бірнеше адамды атып өлтірген террористердің әйелдері қоғаммен араласа бастады. Олардың кейбірі хиджабтарын шешіп, жұмысқа орналаса бастаған, деп хабарлайды newtimes.kz акпарт агенттігі аktobetimes.kz порталына сілтеме жасап.

Хромтау ауданының әкімдігі радикализммен және жұмыссыздықпен күресу мақсатында аудан орталығынан арнайы тігін цехын ашқан. Мұнда лаңкестердің әйелдері — барлығы 10 адам жұмысқа орналасты.

Ақтөбеде жолдарды түгел су шайып, балалардың мектепке қатынауы қиындап қалды.

Хромтау ауданының әкімдігі радикализммен және жұмыссыздықпен күресу мақсатында аудан орталығынан арнайы тігін цехын ашқан. Мұнда лаңкестердің әйелдері — барлығы 10 адам жұмысқа орналасты.

Кәсіпті үйрену үшін олар бұған дейін 2,5 ай бойы колледжде тегін білім алыпты. Ал, тігін машинасы мен басқа да материалдарға әкімдіктен 1,5 млн теңге қаржы бөлінген. Цехта негізінен жұмыс қолғаптары мен балабақшаның көрпе-жастық тыстары тігіледі. Жұмыс ұжымына басшы ретінде сол он әйелдің бірі тағайындалған. Оның күйеуі қазір түрмеде лаңкестік жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Жергілікті билік өкілдері әйелдердің діни көзқарастарының өзгергеніне сенімді. Қазірдің өзінде келіншектер хиджабтарын шешіпті. Айтуларынша, кейбірі дәстүрлі дінге де көше бастаған.

Бүгінгі таңда Хромтау ауданында радикалды діни ағымдардың қатарында 70-ке жуық адам бар. «Олардың 16-сы дәстүрлі дінге кері қайтты» дейді аудан әкімі Аманғали Бердалин. Қазір ауданда тек үш қыз ғана мектепке орамалмен қатынап жүр. Әкім жаңа жыл басында оқушылардың барлығы дерлік мұндай діни атрибуттардан түбегейлі бас тартады дегенді сеніммен айтты.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы