Нью-Йоркте лаңкестік жасап, 8 адамды ажал құштырған күдікті Uber компаниясында жүргізуші болған екен.
Аталған компания өкілінің мәліметінше, күдікті шынымен Uber-де жұмыс жасаған және биографиялық мәліметтері тексерістен өткен.Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Айтуларынша, күдіктіні Uber қосымшасында бұғаттап тастаған көрінеді. Қазіргі таңда компания құқық қорғау органдарымен байланысып жатыр.
Естеріңізге салайық, Нью-Йоркте ер адам жүк көлігімен көшедегі жұртты қағып, артынша мектеп автобусына соғылды. Салдарынан 8 адам көз жұмып, тағы оннан астамы жараланған. Марқұмдар арасында Бельгия және Аргентина азаматының бары анықталды.
Сондай-ақ ҚР СІМ баспасөз жетекшісі Әнуар Жайнақов Нью-Йорктегі лаңкестік нәтижесінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.