jasqazaq.kz

«Құлан» неге ақсаңдайды?

06 қараша 2016, 14:03

at

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында ауыл шаруашылығы саласына қатысты мемлекеттік бағдарламалар тиісті деңгейде жұмыс жасамай келеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың пайымынша, «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» секілді бағдарламалар дұрыс орындалмайды.

«Аталған бағдарламалардың жұмыс жасауы үшін жұмыс жасауымыз керек. Сонда ғана жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе аламыз», — деді Хромтау ауданына сапары барысында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.

Жалпы, оң көрсеткіштерге қол жеткізу туралы аудан активімен болған кездесуде де сөз болды.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығын үлкен жетістіктермен қарсы алуымыз керек. Хромтау ауданының дамуына өзірі компаниялар зор үлес қосып келеді. Есесіне, ауыл шаруашылығы саласы енжар. Суармалы алқаптарды ұлғайту керек, мал басы санын көбейту керек. Бордақылау алаңдарын салыңдар. Өзімізді ет, сүт өнімдерімен қамтамасыз ете білуіміз керек. Импорт көлемін азайту керек», — деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, Б.Сапарбаев жер телімдерін беруге қатысты мәліметтер келтірді. Оның айтуынша, Хромтау ауданында жер кезегінде тұрғандар саны 4 мыңнан асады. Инфрақұрылымды ретке келтіріп, тұрғындарға жер телімдерін беруді тездету керектігі айтылды.

tilshi.kz

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету