jasqazaq.kz

Күнгей бағыттың келешегі

11 қыркүйек 2023, 16:47

Жүк Иран аумағын небәрі 3 күнде басып өтеді

 

Simatech Shipping & Forwarding компаниясы Дубайда тіркелген. Abu Dhabi PortS компаниялар тобының құрамында. Үлкен флоты бар. Парсы Шығанағынан жүк пен тауарды сол өңірдегі араб елдері, Үндістан, қытай және африка құрлығына жеткізеді. Міне, осы компанияның басшысы (сео) Дауд Тафти мен еліміздің сауда және интеграция министрі серік жұманғаринмен жаңа логистикалық бағыттың жайжапсарын талқылады. Жүздесуде мәлім болғандай, біздің үкімет Abu Dhabi PortS-пен бірлескен кәсіпорын құрмақшы.

Бірлескен компания отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Иран аумағы арқылы Парсы Шығанағы елдері, Үндістан, Пәкістан, Қиыр Шығыс және Африканың шығыс жағалауына апарумен айналысады. Бұған Еуропа базары да қосылуы ықтимал. Бұл үшін жүк алдымен Ақтаудағы Құрық айлағынан Иранның солтүстігіндегі Әмірабад, содан кейін оңтүстіктегі Бендер-Аббас, БендерХомейни және Чабахар порттарына жеткізіледі. Одан әрі Біріккен Араб Әмірліктерінің Халифа, Фужейра айлақтарында табан тіреп, өзге мемлекеттерге бет алады. Жаңа бағыт – оңтайлы һәм үнемді. Тауар Иран аумағын небәрі үш күнде басып өтеді. Керек-жарақ пен құралсайман дайын. Дауд Тафти мырзаның айтуынша, әрқайсысы 7500 тонна жүк сыятын 4 кеме сатып алынды. Бұларға контейнер тиеуге де болады. Қазір олар Әмірабад айлағында тұр. Алдағы екі жылда олардың қатары 10 кемеге көбейеді. Жақында компания 45 жүк көлігі және 2 баржа алыпты. Бір баржамен 350 жүк көлігін тасымалдауға болады. Компанияның ендігі межесі – алдағы 4 айда көлік санын 400-ге, ал болашақта 1000-ға жеткізу. Жобаның техникалық мүмкіндігі түгенделді. Енді тиімділігіне келелік.

Транзиттік тасымал тақырыбына жазған барлық мақалада арнайы тоқталып жүргеніміздей, Қазақстан теңіздегі сауда жолдарына тікелей шыға алмайтын елдер (Landlocked Countries) қатарында. Сол себепті, уақыт пен шығынды көбірек үнемдейтін кез келген күретамыр баға жетпес байлықпен тең. Баламалы бағыттың қадірі былтыр Батыс терістік көршіні санкциямен төмпештегелі арта түсті. Әсіресе, Қазақ мұнайының 80 пайызын әлемдік базардағы тұтынушыға апаратын Каспий құбыр желісінің (КТК) төбесіне қара бұлт үйірілгенде. Шұғыл қанаттас, қосымша жолдар қарастырыла бастады. Жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған сапары кезінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Abu Dhabi Ports арасында стратегиялық серіктестік жөніндегі келісімге қол қойылды. Мемлекет басшысы еліміздің көлік бағыттарын әртараптандыруға бет бұрғанын, осы мақсатпен Транскаспий халықаралық бағыты («Орта дәліз») мен СолтүстікОңтүстік дәлізін дамытуды қолға алғанын мәлімдеді. Ал сәуір айында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Теһранға барды. Екі жақ Құрық пен Әмірабад порттары арасындағы жүк тасымалы жөнінде уағдаласты.

Келісімге сәйкес, аталған айлақтарда астық терминалына арналған инфрақұрылым қалыптастыру жұмысы аяқталып келеді. Географиялық тұрғыдан алғанда Қазақстан мен Орталық Азия үшін Парсы Шығанағына шығатын ең төте жол – Иран арқылы екені анық. Транзиттік тасымал мамандары бұл бағытты көптен бері зерттеп келеді. Он жылдай бұрын үш мемлекетті (Қазақстан-Түрікменстан-Иран) бір-біріне жалғайтын теміржол салынды. Осылайша, СолтүстікОңтүстік дәлізінің бір тармағы іске қосылды. Астана мен Теһран арасында swap (мұнай айырбасы) іске асырылды. Дегенмен осы бағыттың әлеуетін толық пайдалана бастады деуге әлі ерте. Оның себебі бар. Біріншіден, қазіргі Мәскеу секілді Теһранға да түрлі экономикалық және қаржылай шектеулер (санкция) елеулі кедергі. Бұл орайда 90-жылдардың ортасында Америкада D`Amato заңы қабылданғанын айтқан жөн. Барлық тасымалдың өз аумағы арқылы өткенін қалайтын Ресей де ыңғай таныта қойған жоқ. Сондайақ күретамыр бойында замануи инфрақұрылымның болмауы да біраз қолбайлау. Геосаяси текетіреске байланысты жүк тасымалындағы дағдылы сүрлеу жабылып жатыр.

Екі жыл бұрын сауда кемесі Суэц каналын бір апта бойы жауып қалғанын еске түсірейік. Ғаламдық саудасаттық тоқтап қала жаздады. Бизнес алпауыттары баламалы бағытты талап етті. Солтүстік-Оңтүстік дәлізіне шындап ден қоя бастады сол кезде. Оның үстіне, Шығыстың – Азия мемлекеттерінің халықаралық қарым-қатынастағы ықпалы күшейіп келеді. Иран беделді Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болды. Қытайдың ара ағайындығымен Сауд Арабиясымен татуласты. Батыспен барыс-келісі жақсы Әмірліктердегі аса ірі компанияның Қазақтың тауарын осы елдің аумағымен тасымалдауға ниет білдіруі де оң өзгерістен хабар берсе керек. 90-жылдардың аяғына таман мұнай мен газды Парсы Шығанағына құбырмен жеткізуді көздейтін Иран бағыты жиі талқыға түсетін. Мамандар оны ең арзан әрі тиімді деп есептейтін. Бірақ санкция мүмкіндік бермеді. Бәлкім, енді іске асады?

Срайыл Смайыл,
экономикалық шолушы

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң