jasqazaq.kz

Күйеуінің қолын сындырған әйел сотталуы мүмкін

21 қараша 2017, 12:10

Алматы облыстық Ішкі істер департаменті 46 жастағы ер адамды ұрып-соғу дерегін тексеріп жатыр. ІІД мәліметінше, әйелі осы істе күдікті ретінде қарастырылып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл дерек Ақсу ауданында тіркелген. Ведомсто өкілдерінің айтуынша, ер адам жергілікті ауруханаға бірнеше дене жарақатымен және ісікпен, сондай-ақ, қолы сынған күйде жеткізілген. «Істің мән-жайын анықтау кезінде ер адам полицияға шағымданудан бас тартқан. Онымен қоса, полицейлер ер адамның 36 жастағы әйелімен арасында жанжал болғанын анықтады. Оған себеп күйеуінің үнемі ішімдікке салына беруі болған. Полицейлер зардап шеккен ер адамның оқтаудан соққы алғанын анықтады», — деді ІІД баспасөз қызметіндегілер. Осы іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру») тергеліп жатыр. «Бірақ ерлі-зайыпты татуласуларына байланысты қылмыстық істің тоқтатылуын сұрап отыр», — деді ІІД өкілдері.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті