jasqazaq.kz

Курьер мен такси жүргізуші 1 шілдеден бастап салық төлейді

15 маусым 2023, 12:24

1 шілдеден бастап интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін такси жүргізушілері мен курьерлер салық төлейді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес, такси немесе курьерлік жеткізу қызметін көрсету кезінде азамат «eSalyq Business» мобильдік қосымшасын қолдана отырып, жеке кәсіпкер немесе қандай да бір компанияға жалдамалы қызметкер ретінде тіркелуі қажет. Тиісінше, ол шарт жасасу арқылы салық пен әлеуметтік төлемдерді аударуға міндеттеледі.

Кейін платформа операторы қызметкерге айлығын төлеу кезінде тиесілі салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалады. Бұл мәліметтер автоматты түрде мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі.

Бұл талаптар бұрыннан бар. Бірақ түрлі себептермен көп адам орындамайды. Себебі 1 пайыздық ставкамен табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру) өтеу қажет.
Бастапқы кезеңде аталған пилоттық жобаға «Yandex» интернет-платформасында тіркелген такси жүргізушілері ерікті негізде қатысады.

JQ-Aqparat

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды