Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдудың төртінші баласы өмірге келді. Қуанышты хабары жайлы футболшы Instagram желісінде жазды.
32 жастағы португалдық ойыншының төртінші баласының анасы – испандық сәнбике Джорджина Родригес. Роналду мен сүйіктісі дүние есігін ашқан қызына Алана Мартина деп ат қойды.
«Алана Мартина қазір ғана дүниеге келді! Анасы мен қызының жағдайы жақсы! Біз өте бақыттымыз», – деп жазды Роналду. Айта кетейік, Роналдудың суррогат анадан үш баласы бар. кіші Криштиану 7 жаста болса, осы жылдың маусым айында Ева мен Матео есімді егіз баласы өмірге келген еді.