jasqazaq.kz

Көше атауларын өзгерту жиынына жиналғандар жанжалдасып қалды

04 сәуiр 2018, 16:11

Қарағандыда 20-ға жуық көшенің атауын өзгерту ұсынылып отыр, бірақ қоғамдық тыңдау кезінде тұрғындардың ойы бір жерден шықпай, тіпті жиын жанжалға ұласты.

Қарағанды қаласындағы Революционная, Социалистическая, Совхозная секілді атауы ескірген көшелер мен даңғылдарды өзгерту ұсынылып отыр. Барлығы облыс орталығында осындай 18 көше бар. Бұл мәселе қоғамның талқысына шығарылды, бірақ тұрғындардың ойы бір жерден шықпай, ортақ шешімге келе алмады.
«Бүгін Қарағандыдағы 18 көшенің атауын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Мұндай жиын бірінші рет өткізіліп отыр, сондықтан бәрі ойдағыдай шықпады. Тұшымды әңгіме болмады. Біреулері мемлекеттік тілде, басқалары орыс тілінде сөйлеуді талап етті. Ал кейбіреулері мына көшеге мынадай атау берейік деп, өз дәлелдерін келтіруге кірісіп кетті. Алайда бір ғана мәселе талқылануы тиіс еді – көшелердің атауын өзгерту керек пе, әлде жоқ па?», — деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Қарағандының қоғамдық кеңесінің мүшесі Жәнібек Садықанов.
Оның айтуынша, Қарағандының тұрғындары кейбір көшелер атауының тарихи мәні бар, сондықтан өзгертпеу керек деп есептейді. Енді біреулер көшелердің жаңа атауы қандай болатынына алаңдаушылық білдірген. Қоғамдық тыңдау барысында тұрғындар ортақ шешімге келген жоқ, дегенмен олар дауыс берген.

sputniknews.kz

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы