jasqazaq.kz

Көршісінің көлігін айдап кеткен адам Ертіске батып кетті

09 қараша 2017, 17:33

Өскемен қаласында көршісінің көлігін айдап кеткен 43 жастағы ер адам Ертіс өзеніне батып, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 5 қараша күні тіркелген. «Сол күні «102» нөміріне 1967 жылғы облыс орталығының тұрғыны (әйел) қоңырау шалып, көршісі ВАЗ-2101 (Жигули) көлігін айдап кеткенін айтып шағымданған. Хабарламаны алғаннан кейін құқық қорғаушылар іздеуге шыққан кезде көлікті Ертіс өзенінен тауып алған. Көліктің ішінде 1974 жылғы көлік иесінің көршісінің мәйіті табылған», — дейді.

Ертіске аталған азаматтың қалайша батқанын, көліктің өзенге қалай тап болғанын тәртіп сақшылары қазіргі уақытта анықтау үстінде. Арнайы сараптама тағайындалды.

«Болжам бойынша, көлік Понтонный көпірінің үстінен келе жатып, жолдан тайып кеткен. Тәртіп сақшылары істің толық мән-жайын анықтап жатыр», — деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінен.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы