jasqazaq.kz

Контенттің иесі ғана емес, оны таратушылар да жауапқа тартылады

Бүгін, 13:56

Әлеуметтік желіде бір блогердің интимдік фото мен видеолар жариялайтын Telegram-канал жүргізетінін айтқан сөзі тарады. Өзінің айтуынша, ақылы жазылым арқылы кіретін каналға мыңға жуық адам тіркелген.
Бүгін Сенат кулуарында мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовке осыған қатысты сауал қойылды. Вице-министр бұл деректің тексертілетінін, қажет болса, құқық қорғау органдарымен бірлесіп жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін мәлімдеді.
Евгений Кочетов: «Біз бұл деректі тексереміз. Ақпарат расталса, құқық қорғау органдарымен бірге тек контенттің иесі ғана емес, оны таратумен айналысқандарды да жауапкершілікке тартамыз. Бұл контент таралған алаңға да қатысты, яғни бұл жағдайда подкасттың өзіне де», — деді.
Сондай-ақ ол заңға қарсы контентке қатысты заңнамалық түзетулер күшіне енетініне тоқталды. Онда осындай құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын жауапкершілік шаралары нақтыланады.
JQ-Aqparat

Сурет: shutterstock.com

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?