jasqazaq.kz

Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

30 мамыр, 12:49

Конституциялық Сот Аппараты мен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі өзара диалогты жалғастыра отырып, конституциялық бақылау органы мен медиақоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Меморандумға қол қойды.
Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов қол қойылған құжат тек тараптардың ресми келісімін ғана емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтық мәдениетін дамыту мен олардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолындағы ортақ жауапкершілікті білдіретінін атап өтті.
«Жариялылық пен ашықтық қағидаттары конституциялық бақылау органдары қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Біз негізгі халықаралық органдардың ұсынымдарын қоса алғанда, жалпыға бірдей стандарттарды дәйекті түрде ұстанамыз», — деді Нұрмұханов.
Бас редакторлар клубының президенті, Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексембай бұқаралық ақпарат құралдарының конституциялық бақылау органы мен қоғам арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі маңызды рөлін атап өтіп, олардың объективті әрі жан-жақты ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететінін айтты. Сенатордың айтуынша, қазіргі уақытта Клуб құрамында шамамен 300 медиа менеджер бар, олардың басым бөлігі өңірлерде жұмыс істейді, бұл өз кезегінде ақпараттың таралу аясын кеңейтіп, жергілікті жерлердегі хабардарлықты арттыруға ықпал етеді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыруға ерекше назар аударды.

Конституционализм идеяларын ілгерілету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты қалыптастыру және қоғамда конституциялық құндылықтарды насихаттау ісінде мемлекеттік институттар мен медианың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу соңында тараптар қол қойылған Меморандум аясында бірлескен ақпараттық-ағартушылық іс-шараларды өткізуге келісті.
Кездесуге Конституциялық Соттың судьялары, оның Аппаратының басшылық құрамы және Клубтың белді мүшелері қатысты. Атап айтсақ, «Хабар» телеарнасының директоры Жайнагүл Төлемісова, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директорының орынбасары Қамбар Ахметов, «Абай» телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов, «Qazcontent» АҚ-ның төрағасы Айна Задабек, бас редакторлар клубының атқарушы директоры Бибігүл Құламан.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы