jasqazaq.kz

Комунистер Фидель Кастроны еске алып, аза тұтты

26 қараша 2016, 20:12

20161126175448

Қазақстан коммунистері команданте Фидель Кастроның қаза табуына орай аза тұтуда. Бұл жайында Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының көшбасшысы Владислав Косарев мәлім етті. «Бүгін Фидель Кастроның өмірден озғандығы жайындағы ақпаратты зор күйзеліспен естідім. Ол өмірлік тәжірибесі мол шынайы коммунист еді.

ҚазАқпарат хабарлағандай, ең біріншіден, ол қолына қару алып, жан достарының басына өлім қаупі төнгеніне қарамастан коммунизм мен социализм идеяларын жақтады. Өз елінде коммунизм құру жолын бастағаннан 53 жыл бойы АҚШ-тың оқшаулауына тап болды», — деді ол. Косаревтің атап өтуінше, Кеңес одағы ыдырағаннан кейін бұл елге ешкім де көмек қолын созбады. Сондықтан көптеген қиындықтарды басынан кешірді. «Осыдан бірнеше жыл бұрын Кубада болған едім. Сол кезде олар маған адамның ағзасына не қажет керек болса, сол бізде бар деген еді. Куба қару сынағын да бастан кешірді. Есте болса, 62-шы жылы Кубада Кариб дағдарысы орын алып, АҚШ пен КСРО арасында текетірес болды. Сол кезде кеңестік көшбасшы Хрущевтің қамқорлығынсыз қалған Фидель Кастроға аяушылық сезімім оянғаны есте. Дегенмен, Фидель шыдады әрі кеңес халқына, кеңес мемлекетіне деген құрметін жоғалтпады», — деді Косарев. Сонымен қатар коммунистердің көшбасшысы Фидель Кастроның 80 жылдығында Кубада болғанымен оның науқастануына орай кездесе алмағандығын, бірақ, өз партиясының құрмет грамотасын қызметкерлері арқылы беріп жібергендігін атап өтті. «Бүгін мен Куба елшілігімен хабарластым. Елші маған «Жолдас Косарев, біздің еліміздің көшбасшысы өмірден озды. Бірақ, біз ол бастаған істі жалғастырамыз әрі оны еш уақытта сатпаймыз», деп атап өтті», — дейді Косарев.

 

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету