jasqazaq.kz

Көмек керуені жолға шықты

09 қыркүйек 2022, 10:10

Қостанайдағы орман өртінен зардап шеккендерге қажетті азық-түлік пен тұрмыстық заттар тиелген жүк көлігі Қостанайға аттанды. Бірлігіміз сыналар сәтте игілікті іске үшінші мегаполистің әрбір тұрғыны үлес қосып, мейлінше көмек қолын созуда.

Ерікті азаматтар қайбір іс болмасын белсенділік танытып, өнегелі ісі өзгелерге үлгі болып келеді десек, кезекті керуенді шымкенттік еріктілер аттандырды. Академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, «Жас Отан» Қуатбеков еріктілер ұйымы, Мирас колледжі, Шымкент кәсіпкерлер палатасы және өзге де ерікті жастардың атынан күнделікті тұрмысқа қажетті заттар, көрпе-төсек, құрылыс заттары, азық-түлік, жылы киімдерді жөнелтті.

–Қостанай облысының тұрғындарына көмектесуді өзіміздің азаматтық парызымыз деп санаймыз. Біз ортақ игі іске өз үлесімізді қосуға дайынбыз, — дейді еріктілер.

Айта кетсек, күні кеше Шымкент қаласының ҚХА өкілдері Қостанай өңіріндегі алапат өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуден қалыс қалмаған болатын. қаладағы «Достық үйі» жанынан кезекті гуманитарлық көмек тиелген көлік Әулиекөл ауданына аттанды.

Бүгінде Шымкент қаласында Қостанайда орын алған төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек қабылдайтын штаб ашылған. Штаб жұмысына қалалық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктер де белсенділік танытуда. Кезекті көмекті күрді этномәдени бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Бүгінге дейін «Достық үйі» жанындағы этномәдени бірлестіктері мен Аналар кеңесі тарапынан миллион теңгеге жуық қаржы жиналған. Одан бөлек, жарты тонна азық-түлік (макарон, күріш, картоп, пияз т.б), 800 дана киім-кешек мен жылы аяқ киімдер жиналған. ҚХА өкілдері мұндай көмек алдағы уақытта да жалғасын табады деп отыр.

Сонмен қатар, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қостанай облысында тілсіз жаудан жапа шеккендерге 60 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілген болатын.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті