jasqazaq.kz

Коллекторлар жеке мәліметті қайдан алады?

05 ақпан, 13:18

Қарызды өндіріп алу барысында коллекторлар көбіне борышкермен байланыс орната алмаған жағдайда оның туыстары мен таныстарына хабарласады. Соңғы жылдары  бұл үйреншікті жәйтке айналды. Кейде тіпті көршілеріне, құда-жекжаттарына дейін тауып алып, қоңырау шалған жағдайлар болған. Жеке деректерді тауып алатындай бұл не деген құдірет?! 

Коллекторлардың жеке мәліметтерге қалай және қаншалықты заңды түрде қол жеткізетіндігі жөнінде заңгер Нұрболат Ибраев jasqazaq.kz тілшісіне айтып берді. 
Заңгер: «Бірінші кезекте, несие рәсімдеу кезінде қарыз алушы өзі ұсынатын қосымша байланыс тұлғаларының (туыстарының, таныстарының) телефон нөмірлері беріледі. Бұл ақпарат банктен немесе қаржы ұйымынан коллекторларға өтеді. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда коллекторлар борышкердің туыстары мен таныстарын әлеуметтік желілер арқылы анықтайды. Алайда бұл әрекет заңсыз, себебі несие келісімшартында үшінші тұлғалардың жеке деректерін жинау қарастырылмаған».
Заңгердің айтуынша, егер коллекторлар бөтен адамның қарызы бойынша үшінші тұлғаларды үнемі мазалай берсе, шағымдану қажет.

«Ең тиімді әдіс – тікелей несие берген банкке немесе коллекторлық ұйымға ресми жазбаша талап жіберу. Мысалы, қандай да бір банктен хабарласса, олардың гид қызметіне немесе ресми поштасына шағым түсіру керек», -дейді заңгер.
«Коллекторлық қызмет туралы» Заңның 6-бабы, 2-тармағына сәйкес, коллекторлардың борышкерден бөлек үшінші тұлғаларға (жеке кепілгерлерден басқа) хабарласуы заңмен шектелген.
“Сонымен қатар, осы заңның 7-бабы, 3-тармағы бойынша, коллекторлар күніне үш реттен артық хабарласа алмайды және олардың борышкермен байланысу уақыты таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ғана шектелген,”- деп түсіндірді Нұрболат Ибраев.
Егер коллекторлар заң талаптарын бұзып, борышкердің туыстарын немесе таныстарын заңсыз мазаласа, оларды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне немесе құқық қорғау органдарына шағымдану арқылы жауапкершілікке тартуға болады.

 Олжас Әбдіхалық

Сурет: sibadvokat.ru

11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы
28 қараша, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай