jasqazaq.kz

Көлікке тұмар ілуге тыйым салынды

01 қараша 2017, 14:39

Қазан айының соңынан Ашхабад полициясы автокөлік ішінде тұмар ілген жүргізушілерді жазалай бастады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі rus.azathabar.com сайтына сілтеме жасап.

Жаңа тәртіпке сәйкес машина ішіне ойыншықтар, жазу жазылған заттар, түйе жүнінен жасалған «алажа» атты жіпті де ілуге болмайды. Тәртіп бұзған жүргізушіге 50 манат айыппұл салынады және ілінген заттарды алып тастау талап етіледі.

«Жексенбі күні мен жол полициясының қызметкері тоқтатып, көз тигеннен сақтайтын тұмарды және артқы орындықтан жұмсақ ойыншықты алып тастауды талап етті. Полиция қызметкері енді мұндай заттарды, олармен қатар «Алла сақтай гөр» деген жазуларды да ілуге болмайтынын айтып, маған 50 манат айыппұл жазып берді» деген ашхабадтық шопыр басылымға берген сұхбатында.

Жүргізушілердің айтуынша, полиция қызметкерлері мұндай нәрселерді ілуге тыйым салу және ол орындалмаса айыппұл салу туралы айтылған құжатты көрсетпейді. Кей полицейлердің айтуынша, тұмар сияқты заттар жол қозғалысына қауіп төндіреді.

«Жол полициясы қызметкерлері сөзіне қарағанда, бұл заттар автокөлікпен бірге зауыттан шықпаған, сол себепті жүргізуші мен қатар өтіп бара шопырдың назарын аударады. Бұл жол оқиғаларына себеп болады» деген жүргізушілердің бірі.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы