jasqazaq.kz

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды

29 қараша 2024, 15:51

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен агрофорумда агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсімнің негізгі күштерінің бірі саналатынын атап өтті.
Үкімет АӨК дамыту жөніндегі міндеттерге қол жеткізу мақсатында кешенді шаралар қабылдауда. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлердің өтініш-тілектерін ескере отырып, биылғы 29 қарашадан бастап келесі жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру басталды.
Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталады. Оның 560 млрд теңгесі капиталдың нарықтық көздерінен тартылатын болады.
Бүгіннен бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жылдық 5 пайыз деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыру тетігі іске қосылды.
684 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 82 млрд теңге сомаға өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды. Оның ішінде 176 өтінім жұмысқа қабылданды.
Тағы 508 өтініш бойынша 59,9 млрд теңгеге құжаттар жиналады.
Қаржыландыру алғаш рет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуден бұрын басталғанын атап өту маңызды, бұл фермерлерге тұқымды, тыңайтқышты алдын-ала сатып алуға, техниканы дайындауға және барлық қажетті жұмысты сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында шаруалар өздеріне барынша қолайлы жағдайлар бойынша жедел қаржылық қолдау алады. Бұдан басқа, қарыздарды ресімдеу үшін де, оларды кейіннен өтеу үшін де жүгінуге болатын қаржы институттарының саны ұлғайды. Қаражатқа екінші деңгейлі банктер, несиелік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық несие корпорациясы арқылы қол жеткізуге болады. Сондай-ақ кәсіпкерлер жиі көтеретін кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қарыз сомасының 85 пайызын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдік береді.
Консультация алу және өтінімдер беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жақын маңдағы өңірлік филиалдарына жүгіну қажет.

JQ-Aqparat

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті