jasqazaq.kz

Көкшетауда жыныс мүшесіз туылған қызға көмек керек (видео)

13 ақпан 2018, 12:43

Көкшетаулық кішкентай Үміттің келешегі жақындарын алаңдатып отыр. Балақай не кіші, не үлкен дәретке өздігінен бара алмайды. Себебі, іштен кем туған оның дәрет шығарар дене мүшелері мүлдем жоқ. Аса сирек кездесетін науқаспен дүниеге келген баланы көргенде дәрігерлер де не істерлерін білмеген. Дегенмен хирургиялық жолмен сыртқа түтік шығарып, амалдапты. Бірақ, бұл да өсіп келе жатқан қыздың адам сияқты өмір сүруіне мүмкіндік бере алмай тұр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Көңілді ән әуенін естісе отырған орнында билей жөнелетін кішкентай қыздың мұндай ауыр сырқаты бар дегенге сене қоймайсыз.Үміт жақында 3 жасқа толады екен. Баланың не жыныс мүшесі жоқ. Арты да бітеу. Кіші дәреті денесіне салынған түтікшемен, ал үлкен дәреті ішінен шығып тұрған мына тоқ ішек арқылы шығады. Яғни асқазанда қорытылған тамақ осы жерден тоқтаусыз ағып жатады. Бұны күн сайын көру анасы Гүлнарға оңай емес, әрине.

Гүлнар Зейнуллина, Үміттің анасы:

-Күні-түні өзім қараймын. Баланы да аяйсың. Бір жерге алып шығайын десең, боғы ағып кете береді. Аяғын басса ғой деп үміттенесің. Күшті бәрін біледі, тілі де ерте шықты.

Бала екі аяғын тік қоя алмағандықтан, еңбектеп қана жүруге машықтанып алған. Өмірге осындай дене кемшілігімен келген сәбидің қиналғанын көру қиын болса да, қимаймын дейді анасы. Ол қазіргі медицина дамыған заманда бұл кемшілікті түзеуге болатын шығар деп ойлайды.

-Үміттің анасы жүктіліктің алғашқы аптасынан бастап дәрігер бақылауында болған. Мамандар тиісті мерзімінде УЗИ-мен де тексеріп отырған. Бірақ жүктіліктің 32 аптасында ғана шарананың ішектері сыртқа шығып біткенін көріпті.

Осындай жағдайға тап болған Гүлнар Зейнуллина сәбиін дүниеге әкелген. Жергілікті дәрігерлер бірден ота жасап, сыртқа шыққан шекті ішке салған. Бірақ, бірнеше потологиямен өмірге келген сәбиге жыныс мүшелерін жаса бере алмапты.

Татьяна Бишораева, Ақмола облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Бала туғанда көптеген ақаумен туды. Ол қуық жағынан, ол ас қорыту жұмысы жағынан, ол нейрохирургиялық патология жағынан. Балалар ауруханасында қуық патологиясы бойынша 2 түрлі операция жасалды.

Жергілікті дәрігерлер қолынан келгенін жасаған. Астанадағы ана мен бала орталығында да шетелден келген профессорлар тағы бір ота жасапты. Үміттің анасының ендігі үміті – шет елде ота жасату. Бірақ оған қыруар қаражат қажет. Мысалы, қажетті ота құны Түркияда 80 мың доллар тұрады екен. Мұндай қаржысы жоқ ата-анасы жомарт жандардаен көмек сұрайды.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды