jasqazaq.kz

Көкшетауда өңірдегі ең ірі спорт кешені бой көтеруде

01 шiлде, 19:27

Ақмола облысы бұқаралық спорт бойынша елімізде тұрақты түрде үздік үштіктің қатарында келеді. Бүгінде бұл өңірде 236 мыңнан астам адам спортпен шұғылданады. Осы саланың одан әрі дамуы мен спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Соның ең ірісі — Көкшетау қаласында салынып жатқан көпфункционалды спорт кешені.
Жаңа нысан 1000 адамға арналған және кәсіби спортшыларды даярлауға, бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған маңызды алаңдардың біріне айналады. Жобаның жалпы құны 13,6 млрд теңгені құрайды. Оның 12,7 млрд теңгесі елге заңсыз жолмен шығарылып, қайтарылған активтер есебінен құрылған Арнайы мемлекеттік қордан, ал 2024 жылы жергілікті бюджеттен 620 млн теңге, 2025 жылы тағы 293 млн теңге қарастырылған.
Жоба аясында 650 орындық спорт-сауық залын, скалодром орнатуға мүмкіндік беретін әмбебап залды, бокс, күрес, ауыр атлетика, кроссфит және атуға арналған арнайы залдарды, өрт-құтқару спортына арналған мұнараны, теннис үстелдері бар вестибюльді және кафетерийді салу жоспарланған.
Сонымен қатар, кешен аумағын абаттандыруға ерекше көңіл бөлінуде: ойын және жаттығу аймақтары, жеңіл атлетика секторы, жылдың кез келген мезгілінде пайдалануға болатын әмбебап спорт алаңдары қарастырылған.
Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, бұл спорттық кешен өңірде заманауи нысандар тапшылығын айтарлықтай азайтып, кәсіби спортшылар мен әуесқойлар үшін жаттығу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Нысан құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жаңа спорт және белсенді демалыс орталығы Ақмола облысындағы салауатты өмір салты мен спорт мәдениетін дамытуға қосылатын маңызды үлес болмақ.

JQ-Aqparat
Сурет: Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы