jasqazaq.kz

Көкшетауда 70 жастағы әке ұлын тапаншамен атып жіберді

15 қараша 2017, 11:44

Көкшетаудың 39 жастағы тұрғынының бетіне оқ тиді. Ол Ақмола облыстық ауруханасына жатқызылды. Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД хабарлады, деп жазады Today.kz.

Полиция хабарлағандай, ер адамды жетпістегі әкесі атып жіберген.

«Сол күні ер адам үйіне ішімдік ішіп, травматикалық қарумен келген. Әкесі мен ұлының арасында жанжал туып, ұлы әкесіне қол жұмсаған. Күдікті ұлынан тапаншаны тартып алмақ болған кезде тапанша үш рет атылып кеткен. Оқ ер адамның бетіне тиген», — деді ІІД.

Жәбірленуші әке-шешесімен бірге тұрады. 39 жастағы ер адам жұмыс істемейді, ішімдік ішіп, жиі жанжал шығарады екен.

Бұрын учаскелік инспекторлар оны алкоголизмнен емделуге мәжбүрлеген болатын. Ер адам ішкі істер органының профилактикалық есебінде тұр.

Жәбірленуші ауруханада жатыр. Әкесінің сөзінше, тапаншаны үйге баласы әкелген.

«ҚР ҚК 293 бабы, 3 тармағы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Күдікті еш жерге шықпайтыны жөнінде қолхат жазды», — деді полиция.

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы