jasqazaq.kz

Көкшетау тұрғыны бойжеткенді 100 мың теңгеге сатпақ болған

23 қараша 2017, 14:28

Ақмола облысында 100 мың теңгеге 20 жастағы қызды сатпақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлеріне қараша айында ер адамның 20 жастағы бейжеткенді 100 мың теңгеге сатқысы келетіндігі жөнінде ақпарат түскен. «Сауданың қашан және қай жерде өткізілетін анықтау бойынша кешенді шаралар жүргізілді. Нәтижесінде 22 қарашада күдікті сатып алушыдан «тірі тауар» үшін сұраған ақшасын алып жатқанда қолға түсті. Күдікті 21 жастағы көкшетаулық болып шықты. Күдіктінің түсініктемесіне қарағанда ол Астана қаласында Атбасар ауданының тумасы 20 жастағы қызбен танысқан. Бойжеткен оған жұмыс іздеп жүргенін айтып, көмек сұраған. Оған көмектесуге уәде берген күдікті қыздың өзін сатып мәселесін шешіп бермек болған», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 128-бабының 1 бөлімі бойынша (адам саудасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті