jasqazaq.kz

Көкпар – ердің қанаты

13 қараша 2017, 16:18

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында қазақтың ұлттық спорты саналатын көкпар ойыны  жиі ұйымдастырылады. Мәселен, Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылының тұрғындары жыл басынан бері осымен екінші рет көкпар беруде. Диқаншылықты кәсіп еткен ауыл тұрғындары облыстың шабандоздарын жинап ас беріп, көкпар өткізіп — халықтың ықыласына бөленіп отыр. Айта кетейік, Мақтарал ауданында Өргебас ауылы сияқты 182 елді мекен бар.

ОҚО-ның Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Ережеп Қанаев «Қазақ қашанда аттың үстінде күн кешіп, көшпенді бабаларымыз тұлпардың құлағында ойнайтын болған. Қанымызға сіңіп, генетикалық кодымыздың бір бөлшегіне айналғандықтан, көкпарды ешқашан қазақ тастамайтын да шығар. Пырақтың үстінде өскен бала елшіл, халықшыл келеді. Ел дегенде еміреніп тұрады. Сондықтан да, бұл ұлттық спортты насихаттау — біздің міндетіміз болуы керек. Оның үстіне Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы құнды ойларды жергілікті жердегі халыққа, әсіресе жастарға түсіндіріп отырсақ, мемлекетіміздің болашағы баянды боларына сенемін» — деді.

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарынан келген шабандоздардың арасынан тақымын тақа қысып, көксеркені көтере білген көптеген шабандоз ақшамен марапатталды. Аузы дуалы қариялар жастарға бата беріп, елдің азаматы болуға шақырды.

Ұйымдастырушылардың бірі Берікбай Донаев «Жылдың басында диқаншылығымыз жақсы болсын деп ниет етіп ауыл тұрғындары ас қайырып, көкпар беріп көпшіліктің батасын алған едік. Міне, диқаншылықтан мол өнім алғанымызға шүкіршілік айтып тағы бір көкпар беріп отырмыз. Көкпар — жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар, бұл спорт ердің қанаты саналатын тұлпардың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт» — деді.

 

 

 

 

 

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы